Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп: «АҚШ ядролық сынақтарды қайта бастауы мүмкін»

Әлем
Трамп: «АҚШ ядролық сынақтарды қайта бастауы мүмкін»
Фото: Associated Press

АҚШ президенті Дональд Трамп жерасты ядролық сынақтарын қайта бастау мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

«Сіздер мұны өте жақын арада білесіздер», – деді. Айта кетсек, АҚШ 1992 жылдан бері ядролық жарылыстар өткізген жоқ.

31 қазан, жұма күні Трамп Вашингтон ядролық сынақтарды қайта жүргізетінін растады, бірақ оның ішінде жерасты жарылыстары бар-жоғын нақтыламады. «Мен бұл туралы айтпаймын», – деді ол Вашингтоннан Палм-Бичке ұшып бара жатқанда Air Force One бортында журналистердің сұрағына жауап беріп.

«Жақында бәрін білесіздер. Иә, біз кейбір сынақтар өткізуді жоспарлап отырмыз. Басқа елдер мұны жасап жатыр. Егер олар жасайтын болса, біз де жасаймыз», – деді АҚШ басшысы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу