457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Павлодарлық 7 оқушы сабақ кезінде күйіп қалды

Бір топ оқушы бөтелкедегі сусынға «Крот» құбыр тазартқыш құралын салып, онымен футбол ойнаған. Пластик бөтелке жарылып, 7 баланы химиялық күйік шалды,-деп хабарлайды Malim.kz. 


Жазатайым оқиға облыс орталығындағы №37 орта мектепте дене шынықтыру сабағы кезінде болған. 6-сыныптың бір топ оқушысы сілтілі «Крот» құбыр тазартқыш құралын сусын құйылған пластик бөтелкеге салған. Оны футбол добы ретінде пайдаланып ойнап жүргенде бөтелке жарылып кеткен. Оқиға орнында жеті бала күйіп қалған.

Жедел жәрдемге шақырту бүгін сағат 12.49-да түсті. Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Анықталғандай, жеті бала зардап шеккен. Балалардың қол саусақтарын, бет-әлпеттері мен көздерін күйік шалған. Оқушылар әлгі жерде «крот»+мохито+фольга химиялық заттарын пайдаланып, ойын ойнаған. Зардап шеккен жасөспірімдердің барлығы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Пациенттердің жағдайы ауыр емес, - деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

Оқиға орнында медицина қызметкерлерімен қатар, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және Апаттар медицинасы орталығының мамандары да жұмыс істеді

Фото: Павлодар облысы ТЖД