Біртановтан Назарбаевқа дейін: Шенеуніктерді ауыртқан кім?

Malim Админ

  • 18.06.2020

Министрлер мен әкімдердің, депутаттар мен мәжіліс  спикерінің, премьер-министрдің жаппай вирус жұқтыруына денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ кінәлі. Бұл туралы белсенді-дәрігер Қайырғали КӨНЕЕВ мәлімдеді.

«Таңғаларлық жайт, санитарлық жағдайға жауапты денсаулық сақтау министрі сандезрежимді сақтамайды және үкімет пен жоғарғы заң шығарушы орган өкілдерінің денсаулығы мен өмірін қатерге тігеді. Ол Сенатта мүлде маскасыз баяндама жасады ғой. «Жақсы дәрігер коронавирус жұқтырмауы  керек!» деген Молдағасымова айтқан сөзді еске түсірсек те, министріміздің деңгейі белгілі болады. Қазақстанда коронавирустың бақылаудан қалай шығып кеткені енді түсінікті болды», - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Көнеевтің айтуынша, Біртановтың салғырттығы салдарынан онсыз да сенер-сенбесін білмей отырған жұрт коронавирусқа да, оған қарсы жүргізіліп жатқан шараларға да сенуден қалды. Өйткені, бас дәрігер өзі белгілеген нормаларды өзі бұзды.

Ол өзі ғана ауырып қоймай, бүкіл жоғарғы шенді шенеуніктерге жұқтырғанын айтқан белсенді-дәрігер мынадай тізім ұсынады:

«Министр Біртанов Сенаттаға баяндамасына дейін Мәжілісте Нығматуллинмен кездесіп, оған да жұқтырған, мұны Нығматуллиннің өзі де растап отыр.

Біртанов:

Премьер Мәминмен;

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен;

Білім-ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен;

Ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаровпен;

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевпен;

Қаржы министрі Ерлан Жамаубаевпен байланыста болған.

Содан кейін барып сенаторлардың алдында маскасыз сөйледі».

Сондай-ақ, ол осылардың бірі бұл ауруды Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА жұқтырған болуы мүмкін екенін айтады. Демек, экс-президентке жұққан вирустың да негізгі бастауында Біртанов тұруы ғажап емес.

«Мені бір жайт таңғалдырады, олар кабинеттерінде жалғыз отырып, камера алдында сөйлегенде маскамен отырады да, бір бірімен маскасыз кездеседі? Бұлар бүйтіп кімді алдап жүр?» - деп аяқтайды сөзін Көнеев.

Еске салсақ, Қазақстанда соңғы уақыттарда коронавирус инфекциясы шенеуніктер арасында жиі тіркеліп жатыр. Тіпті, бүгін экс-президент Назарбаевтан да COVID-19 анықталды.

Байланысты жаналықтар

Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды – Депутат

20.03.2024

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

20.07.2023

Елбасы аппаратының қызметкерлері қысқарды

19.07.2023

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

12.07.2023

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

11.07.2023
MalimBlocks
Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды – Депутат

Бұл туралы Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

Шығыс Қазақстан облысы Тоқаевты мадақтайтын бейнероликке 5,2 миллион теңге жұмсаған.

Елбасы аппаратының қызметкерлері қысқарды

Мемлекеттiк саяси қызметшiлер тiзiмiнен Елбасы аппаратының қызметшiлерi алынып тасталды.

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

Путиннен кейін орыс «көке» болмайды

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

Біз Ресейге тәуелді боп қала береміз бе, әлде енді шығысымыздағы «ұлы» көршіміздің бодандығына кіреміз бе?