Жаркент әжетханаға айналды

Берік Жанатханұлы

  • 18.06.2020

Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының халқы жаз шығысымен жағымсыз иіске тұншығатындарын айтады. Олар жағымсыз иістен құтылғанша, крахмал-сірне зауытының жұмысын тоқтатсын деген талап қойып отыр. Сегіз жылдан бері ауаны ластап келе жатқан Жаркент крахмал-сірне зауыты. Зауыт иесі Закиржан КУЗИЕВ 2007 жылдың үздік кәсіпкері атанып, президенттің «Алтын сапа» сыйлығын иеленген еді.

2017 жылы сол кездегі премьер-министр Бақытжан САҒЫНТАЕВТЫҢ қолынан «Алтын сапаны» алған Закиржан Кузиевтің компаниясында экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, «Nur Otan» партиясының басшысы Бауыржан БАЙБЕК те болған-ды. Осылай біліктілігімен жоғарғы шенділерді таңқалдырып жүрген кәсіпкер жерлестерін әбігерге салып отыр.

«Бұл сасық иіс Жаркентте ғана емес. Анау Қорғасқа дейін барады. Молодежный елді мекеніне де жетті. Менің екі шөберем бар. Екеуі де тыныс алуға қиналады. Біздің өсіп келе жатқан балаларымыздың өмірі не болады? Жарайды, қарт кісілерді улап өлтірсін. Күндіз-түні осы иіс. Сасық Жаркент деген атаққа ие болдық. Әкімдер келеді, шешеміз, - дейді. Кетеді. Білмей қаламыз. Екіншісі келеді, оған жүгіреміз.  Халық та шаршап бітті», - дейді Жаркент қаласының тұрғыны Балшекер ЖӘПІШОВА.

Жаркенттіктер қаламыз ашық аспан астындағы әжетханаға айналды деп ашынады.

«Жұмыстан келіп тамақтанайын десең алдыңдағы асыңды жей алмайсың ғой. Үәдің іші, дала әжетханадан да сасық болып кетті. Үлкен адамдар ғана емес, балалар да ас тамақтана алмай құсып жатады», - дейді тағы бір тұрғыны Ғалымжан ӘЛІМЖАНОВ  МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

Жаркентке журналистердің келгенін естіген аудан әкімі Талғат ӨМІРӘЛИЕВ салқын кабинетінен шығып, көпшіліктің арасына келді.

«Бұл мәселе Панфилов ауданында 7-8 жылдан бері туындаған ғой. Сасық иістің қайдан пайда болғанын анықтадық. Қазір қалдық су ағатын құбырларды салып жатыр. Оған жергілікті бюджеттен 800 млн теңге бөлінген. Мына зауыт өзінің қалдық суын тазалайтын құрылғыларды алды. Оны қостыру үшін түркиялық мамандар келу керек екен. Күзде бұл мәселе шешіліп қалады», - деді аудан басшысы Талғат Өмірәлиев.

Жылына 120 мың тонна жүгері өңдейтін зауыттың қалдық суы қазір қала сыртына келіп төгіледі. Сіңіп үлгермейтіндіктен, сасық иіс шығады. Кәсіпорын аумағында да қалдықтарды сүзіп-тазалайтын құрылғының құрылысы жүріп жатқанын зауыт директоры Вилиян ХАЛИКОВ та айтты.

Фото: dalanews.kz

7-8 жылдан бері әкімдердің уәдесіне тойған жұртшылық базыналарын айтып тарқасты. Жалпы, бұл проблема БАҚ-та жыл сайын көтеріліп те жатыр. Медиалық технология орталығының жасаған ретингі бойынша әкімдер арасында көш бастап тұрған Амандық БАТАЛОВ  біле ме екен?

Фотолар автордікі.

 

 

Байланысты жаналықтар

Медицина мифтері: Әйелдер еркектерден көп сөйлей ме?

08.03.2020

Stop Nazarbayev system: Алматыда белсенділер «Нұр Отанға» барды

05.03.2020

Сол жағалау: «Енді маған мектепте орын жоқ»

09.03.2020

Министрдің мектептердегі интернетке көңілі толмайды

17.02.2020

Экономика министрі тым «экономшыл» екен

10.03.2020

ТОП шенеуніктердің ақылы қайда қалды?

19.04.2020
MalimBlocks
Медицина мифтері: Әйелдер еркектерден көп сөйлей ме?

Stop Nazarbayev system: Алматыда белсенділер «Нұр Отанға» барды

Сол жағалау: «Енді маған мектепте орын жоқ»

Министрдің мектептердегі интернетке көңілі толмайды

Экономика министрі тым «экономшыл» екен

ТОП шенеуніктердің ақылы қайда қалды?