Назарбаевадан басқаны тыңдамайтын су жаңа депутат

Бүгін таңертең президент жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясындағы қызметінен кеткен Закиржан Кузиев кешке мәжіліс депутаты болып сайланды. Дауыс беру процесіне президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.

Ақниет Аманжолқызы

  • 28.04.2022

Су жаңа депутат Закиржан Кузиев жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Осыған дейін 2020-2022 жыл аралығында ҚХА төрағасының орынбасары болған. Бұрынғы НұрОтан, қазіргі Аманат партиясының мүшесі. Айта кетейік, ол туралы ақпарат іздесеңіз «Жаркент крахмал зауытының» иесі екенін білесіз. 2020 жылы аталмыш зауытқа байланысты дау туған. Алматы облысы Жаркент қаласының тұрғындары зауыттың қоқысты дұрыс шығармағаны салдарынан ауа сапасының бұзылғанын айтып шағымданған. Айта кетейік, олар шағымды 2018 жылдан бастап айтқанымен, мәселе шешілмеген. Алайда 2020 жылы оқиғаға Экологиялық ұйымдар ассоциациясының сол кездегі төрағасы Әлия Назарбаева назар аударып, мәселені шешуге уәде берген. Ол экология министрлігіне осы жағдайға байланысты үндеу жолдағаннан кейін министрлік өңірге арнайы комиссия жіберіп, қоқыс шығаруға арналған жұмыстарды жүргізуді талап еткен. Және қоқысты экологиялық қауіпсіз жолмен шығару ісі бір жолға қойылғанша зауыт жұмысын өз еркімен уақытша тоқтатқан. Екі жыл үндері естілмеген жаркенттіктердің мәселесі Назарбаеваның инстаграм парақшасына шыққаннан кейін екі ай көлемінде шешілуі тиіс шаруаға айналған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Ассамблеядағы орынбасарларын ауыстырды

Бұдан бөлек, су жаңа депутат «Универсал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы. Компания жүгері өнімдерін сату бойынша Қазақстанда алдыңғы қатарда тұр.

Кузиев ассамблеяда болған бүгінгі сайлауда 60,94% дауыс жинады. Онымен бірге сайлауға түскен Виталий Тварионасқа 30,12% дауыс берілсе, барлығына қарсы нұсқасын 5,88% адам таңдаған. Бұл ассамблея тарихындағы ерекше сайлау болды. Біріншіден, осыған дейін бір орынға тек бір кандидат түсетін, яғни сайлаушылар шешіммен келісуге немесе қарсы шығуға құқылы болған. Осы жолы екі кандидат болды. Екіншіден, сайлау туралы заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған өзгерістер күшіне енген жағдайда, бұл ассамблея тарихындағы мәжіліс мандатын алуға арналған соңғы сайлау болмақ. Себебі президент ұсынысы бойынша Ассамблеяға берілетін мәжіліс квоталары қысқарып, орнына сенат квоталары болады.

Байланысты жаналықтар

Мәжілістің үш депутаты талап қойған жаңаөзендіктерді райынан қайтара алмады

11.04.2023

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

29.03.2023

Назаров састы, Берденов қашты. Су жаңа депутаттар мандат алып жатыр

28.03.2023

«Amanat» партиясынан Мәжіліске баратын депутаттар кімдер?

28.03.2023

Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

20.03.2023

Сұлтан Хан Жүсіп Мәжіліске кандидат болып қайта тіркелді 

02.03.2023
MalimBlocks
Мәжілістің үш депутаты талап қойған жаңаөзендіктерді райынан қайтара алмады

Жұмыссыздарды полицияның күштік жасағы тұтқындап әкетті

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

Назаров састы, Берденов қашты. Су жаңа депутаттар мандат алып жатыр

Жастарды тәрбиелейміз дейді

«Amanat» партиясынан Мәжіліске баратын депутаттар кімдер?

Оларды Орталық сайлау комиссиясы тіркейді

Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

Протоколдардың жартысы біздің қолымызға тимейді

Сұлтан Хан Жүсіп Мәжіліске кандидат болып қайта тіркелді 

Сайлау комиссиясы қателігін түзетті