Нартай Дүтбаев бостандыққа шықты

Malim Админ

  • 18.06.2020

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат агенттігінің құпия дерек көзі хабарлады.

Ақмола облысының әскери соты Нартай Дүтбаевты 2017 жылдың тамызында "мемлекеттік құпияны жария етті" және "қызмет бабын асыра пайдаланды" баптары бойынша кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айырған. 2018 жылдың ақпанында Нартай Дүтбаевтың үстінен бас қалада тағы бір сот өтіп, "ақша жымқырды және қаржы бопсалады" деген айыппен 12 жылға соттаған. Екі жаза мерзімі біріктіріліп, нәтижесінде Дүтбаев 12 жылға кесілген. Онымен бірге сотталған інісі Рүстембек Дүтбаев пен Орынбасар Қалқабаев сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.

2019 жылдың қаңтарында жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі кассациялық алқасы Нартай Дүтбаевтың жаза мерзімін 12 жылдан 11 жылға қысқартқан.

Нартай Дүтбаев ҰҚК-ні 2001 жылғы желтоқсаннан 2006 жылғы ақпанның 22-сіне дейін басқарған. Нартай Дүтбаев ҰҚК төрағасы қызметін атқарған уақытта елде екі оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Заманбек Нұрқаділов қаза тапқан. Ол оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлын қастандықпен өлтіруге ҰҚК-нің "Арыстан" арнайы жасағы қызметкерлерінің қатысы бары анықталғаннан кейін отставкаға кеткен.

 

Байланысты жаналықтар

Эстония президентіне Мәскеудегі парадқа барудың қажеті жоқ

04.02.2020

Геоақпараттық портал құрылмақ

12.04.2021

Тоқаев: Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі керек

10.07.2021

Ақтөбеге Ресейден келген 18 студенттен коронавирус анықталды

24.04.2020

Қазақстанда коронавируспен екінші мәрте ауырған адам тіркелді

04.11.2020

Президент Алғыс айту күнімен құттықтады

01.03.2020
MalimBlocks
Эстония президентіне Мәскеудегі парадқа барудың қажеті жоқ

Геоақпараттық портал құрылмақ

Тоқаев: Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі керек

Ақтөбеге Ресейден келген 18 студенттен коронавирус анықталды

Қазақстанда коронавируспен екінші мәрте ауырған адам тіркелді

Президент Алғыс айту күнімен құттықтады