Нұр-Сұлтаннан жүлдесіз қайтқан «Паразиттер» Оскар алды

Malim Админ

  • 10.02.2020

«Паразиттер» фильмінің режиссері Пон Чжун Хо «Үздік режиссер» номинациясы бойынша Оскар сыйлығын иеленді. Бұл номинацияға Сэм Мендес («1917» фильмі үшін), Квентин Тарантино («Однажды в... Голливуде» фильмі үшін), Мартин Скорсезе («Ирландец» фильмі үшін), Тод Филлипс («Джокер» фильмі үшін) таласқан.

Пон Чжун Хо «Оскар» сыйлығын алған тұңғыш оңтүстіккореялық режиссер. Мендес «1917» фильмі үшін «Золотой глобус» сыйлығын алған болатын.

«Паразиты» фильмі сонымен қоса «Үздік фильм», «Үздік шетелдік көркем фильм», «Үздік сценарий» номинациялары бойынша да Оскар жүлдесіне лайық болды.

Былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуразиялық кинофестивальде Пон Чжун Хоның туындысы жүлдесіз қайтқан болатын. Ал оған дейін Канн фестивалінде топ жарған Пон Чжун Хоны енді Голливуд толықтай мойындап отыр.

MalimBlocks