Қазақстандық фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Америка киноакадемиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді

Мадина Қайнарова

  • 27.09.2024

Қазақстандық «Бауырына салу» деп аталатын фильм «International Feature Film» (Үздік халықаралық фильм)  номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығына ұсынылды.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Режиссер Асхат Кучинчерековтың «Бауырына салу»  фильмі әжесінің қолында өскен жеткіншектің оқиғасын баяндайды. Әжесі қайтыс болғаннан кейін ол өзінің ата-анасына оралуға және жаңа ортада өзіне бөтен адамдармен қарым-қатынас құруға мәжбүр болады. Режиссердің айтуынша, бұл туынды – қазақ халқының салт-дәстүріне деген ерекше құрмет.

Бұған дейін аталмыш картина Қазақстан кинематографистер альянсы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «Тұлпар» ұлттық кино сыйлығының ең жоғары наградасына ие болған. Енді Оскар комитетіне елді халықаралық аренада таныстыру үшін ұсынылмақ.

Америка киноакадемиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында 17 желтоқсанда жарияланатын қысқа тізім таңдалады. Келесі кезең 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді. Ол кезде қысқа тізім бойынша дауыс береді.  Барлық санаттағы үміткерлер 17 қаңтарда жарияланады. Дауыс берудің соңғы кезеңі 11-18 ақпан аралығына жоспарланған.

Фото: 98mag.kz

Байланысты жаналықтар

Отандық фильмдерден түскен табыс қандай?

19.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Кинотеатрлардағы фильмдер мазмұнына бақылау күшейеді

10.04.2025

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

27.03.2025

Тек ақша табуды ойламай, киноның сапасына мән беру қажет – Бектенов

18.03.2025

«Қазақ киносының анасы». Бүгін Әмина Өмірзақованың туған күні

08.03.2025
MalimBlocks
Отандық фильмдерден түскен табыс қандай?

Бірінші кредиттік бюро 2024 жылы қазақстандық фильмдердің прокатынан еліміздегі кинотеатрлар қанша табыс тапқанын жариялады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Кинотеатрлардағы фильмдер мазмұнына бақылау күшейеді

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

Өнер иесі оқырмандарынан кеңес сұрады

Тек ақша табуды ойламай, киноның сапасына мән беру қажет – Бектенов

«Қазақ киносының анасы». Бүгін Әмина Өмірзақованың туған күні