«Бауырына салу» «Оскар»-ға ұсынылды

Фильм ауыл өмірінің қиын тіршілігін бейнелейді

Мәди Саматұлы

  • 16.11.2024

Асхат Кучинчерековтің «Бауырына салу» фильмі Қазақстанның атынан 2025 жылғы «Оскар» сыйлығының «Шетелдік үздік фильм» номинациясына ресми түрде таңдалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл жаңалықты фильм ұжымы Instagram парақшасында жазған.

Ауыл өмірі көптеген қиындық пен ауыр еңбектен тұрады. Жас ерекшелігіне қарамастан, ер балалар кішкентайынан шаруашылыққа ересектермен бірге араласады. Фильмнің бас кейіпкері Ерсұлтан әжесімен бірге тұрып, осындай өмірдің ауыртпашылығын сезінді. Бірақ оның әлемі әжесінің қайтыс болуымен мүлдем өзгереді... – деп жазылған фильм сипаттамасында.

Марапаттау рәсімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте өтеді. Бұған дейін, ақпанның 11-18 аралығында өтетін үшінші іріктеу кезеңінде әр номинацияның финалистері анықталады.

Егер «Бауырына салу» үздіктер қатарына енсе, Қазақстан тарихында «Оскар» сыйлығына ұсынылған екінші фильм болады. Бұған дейін 2008 жылы Сергей Бодровтың «Моңғол» фильмі осы номинацияда бақ сынаған еді.

Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық туынды – «Шектеусіз үміт» фильмі Калифорния кинофестивалінде «Үздік қысқаметражды деректі фильм» номинациясында жеңімпаз атанған. 

Байланысты жаналықтар

«Онсыз да минимализмін көрсетіп жүрмін»: Алтынай Жорабаева күйеуінен алған сыйлығын айтып мақтанды

14.04.2025

Кинотеатрлардағы фильмдер мазмұнына бақылау күшейеді

10.04.2025

«8 наурыз, туған күнді ұмыттық». Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі бағалы сыйлық әперді

02.04.2025

"Сұлу болдыңдар". Журналист 17 жыл құлдықта болған қыздарға сый жасады

20.03.2025

Ақберен Елгезек: «Болмаған балалық шақта» жазылмаған кейбір оқиғалар фильмге енді

24.02.2025

Биыл мемлекет қаржысына түсірілген қандай фильмдер экранға шығады

25.01.2025
MalimBlocks
«Онсыз да минимализмін көрсетіп жүрмін»: Алтынай Жорабаева күйеуінен алған сыйлығын айтып мақтанды

Өнер иесінің күйеуі басқа қалада жүрсе де сыйлығын беріп жіберген.

Кинотеатрлардағы фильмдер мазмұнына бақылау күшейеді

«8 наурыз, туған күнді ұмыттық». Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі бағалы сыйлық әперді

Ол мұндай сыйлықты ораза кезінде алған.

"Сұлу болдыңдар". Журналист 17 жыл құлдықта болған қыздарға сый жасады

Танымал тележүргізуші Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлге сыйлық жасады

Ақберен Елгезек: «Болмаған балалық шақта» жазылмаған кейбір оқиғалар фильмге енді

Басында фильмге мені түсіретін болды

Биыл мемлекет қаржысына түсірілген қандай фильмдер экранға шығады