Путинге жауап: Аштықтың құнын төлесін

  • 24.06.2020
  • Malim Админ

Ресей президенті Владимир ПУТИННІҢ КСРО тарағанда Ресей жерлері өзгелерге кетіп қалды деген сөзіне қатысты түрлі пікірлер айтылуда.

Қазақстандық саясаттанушы Досым САТПАЕВ Кремль қожайының әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты рейтингі түсіп кетті. Сондықтан «Ұлы Ресейдің» «ұрланған» жерлері туралы әңгімені айтып жатыр дейді. Қызығы, Владимир Путин: «көптеген республикалар Ресейдің тарихи территорияларын өздеріне қосып алған. Совет одағының құрамынан шыққанда, осы елдердің әрқайсысы немен келсе, сонымен кетуі тиіс еді» деген сөзін Жеңістің 75 жылыдғына орай өтетін шеру қарсаңында айтты. Және ол шеруге Батыс пен Балтық елдері бас тартып, посткеңестік елдердің ғана лидерлері шақыртуды қабыл алған.

«Ресей бұл арқылы сепаратизмді қоздырып отыр. Бұндай сөздерді кезінде Жириновский мен марқұм Лимонов та айтқан. Әрине, олар Кремльдің ойындағысын айтты ғой. 2014 жылы Путин Путин қазақтарда бұрын мемлекет болмаған деген-ді. Ресей егер тарихи шындықты орнатқысы келсе, Украина мен Қазақстан КСРО мұрагері Ресейден аштықта қырылған миллиондаған адамдардың құнын сұрай алады», - деп жазды саясаттанушы Сатпаев фейсбук парақшасында. 

Фото: rbc.ru

Байланысты жаналықтар

Бейбіт Сарыбай. Жәркен ағаны танитындарға ғана арналған пәндәуи хикая

22.04.2021

Ақберен Елгезек. Өмір мені өзгертті

24.01.2021

Түгел Түркінің төрі – Түркістан

16.05.2021

"Әзілің жарасса..." немесе кімнің рөлін ойнауды білетіндер

06.07.2020

Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

28.10.2020

Ұлттық мүддеге сай тарихымызды жазар уақыт келді

05.01.2021