"Сағынтаев, шық!"

Malim Админ

  • 26.06.2020

Алматыда қырыққа жуық ипотекалық борышкер 7-9 шілде күні митингіге шықпақшы. Бүгін олар қалалық әкімдікке өз арыздарын тапсырды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

«Бізге үйлерін тартып алып жатқан отбасылар қосылып жатыр. Әкім Сағынтаев бұны тоқтату керек. Өйткені олардың барар жері жоқ. Бүгін біз арызға қол жинап жатырмыз. 7-9 шілде күні митингіге шықпақшымыз. Банк жүйесіне түбегейлі реформа қажет. Ипотекамен, несиемен, автонесиемен проблемасы бар адамдарды бірігуге шақырамыз. Баспана ипотека бойынша 3 пайызбен, автомашина 5 пайызбен, тұтынушылық несие 7 пайызбен берілуі тиіс. Ұлттық банк өз халқын банкирлерге неге тонатады? Неге президент түк те жасамай отыр», - деді қоғам қайраткері Қанағат ТАКЕЕВА.

Сондай-ақ, Қанағат Такеева банк саласындағы реформа жасалмаса, несиелік құлдықтың қамытын балаларымыз бен немерелеріміз де киеді дейді. Диванда отырып лайк басып, коммент жазып бейқам отыруды қою керек. Қоғам қайраткері нақты әрекетке шақырды.
Айтпақшы, Алматы қаласы әкімдігі алдына көпбалалы аналарда жиналды. Олар: "Сағынтаев, шық" деп айғайлады. Алайда, қала басшысы Бақытжан САҒЫНТАЕВ көпшіліктің алдына шыққан жоқ. Көпбалалы аналар әлеуметтік мәселелер бойынша келген.

Фото ғаламтордан алынды. 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks