Абаев журналистерге президент сыйлығын тапсырды

Malim Админ

  • 27.06.2020

Бүгін ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау рәсімі өтті.

Шара барысында ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтауын оқып берді. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Қуатов Дәурен Қасенұлына, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлына, «Жетісу» телеарнасының директоры Сарыбай Серік Әбікенұлына, «Хабар» телеарнасының талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы Трухачев Александр Владимировичке табыс етті. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттарын «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының тілшісі Әшім Альбинаға, «Хабар» телеарнасы талдамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі Мадиярова Мақпал Бақытбекқызына, «Semei» телеарнасының редактор-тележүргізушісі Нұрышева Маржан Еркімбекқызына, «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Смайлов Жандос Мейірбекұлына берді. Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысымен «Ана тілі» газетінің, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің, «Казахстанская правда» республикалық газетінің, «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының Маңғыстау облыстық филиалының шығармашылық ұжымы марапаттады.

«Бүгінгі марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздер бұған әбден лайықтысыздар. Сонымен қатар өздеріңіз арқылы еліміздің бүкіл журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Қадамдарыңыз құтты, қаламдарыңыз жүйрік болсын! Еліміздің дамуы үшін ақпарат саласында аянбай еңбек ете беріңіздер», - деді Дәурен Абаев.

Дереккөз: inform.kz

Байланысты жаналықтар

Ауруханаға күнде 10-15 литр тегін саумал әкеледі

16.07.2020

Сот ашық диалогқа дайын болу керек

25.08.2021

Операторлар біріксе тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін

19.02.2020

Денсаумин 12 жастан асқан балаларға вакцина егуді қарастырып жатыр

16.07.2021

Цой 234 мың науқасты коронавирус статистикасына қоспайды

23.07.2020

Ата кәсіп – берекенің бастауы 

16.05.2020
MalimBlocks
Ауруханаға күнде 10-15 литр тегін саумал әкеледі

Сот ашық диалогқа дайын болу керек

Операторлар біріксе тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін

Денсаумин 12 жастан асқан балаларға вакцина егуді қарастырып жатыр

Цой 234 мың науқасты коронавирус статистикасына қоспайды

Ата кәсіп – берекенің бастауы