Коронавирус: Үйде жатып емделудің жолы қандай?

  • 28.06.2020
  • Malim Админ

Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен коронавирус инфекциясын клиникалық диагностика және емдеудің 9-хаттамасына сәйкес, симптомсыздар мен ауруы жеңіл жүріп жатқандар ауруханаға жатқызылмайды. Дегенмен әлеуметтік желіде ауруы асқынып кетсе де, ауруханаға жата алмай жүргенін айтып шағымданып жатқан қазақстандықтар көп. Бұған көз жеткізу үшін Facebook-тегі "Врачи РК! У кого и где личиться?" тобына кіріп, желі қолданушыларының шағымдарын оқып шықсаңыз жеткілікті. Коронавирус анықталса да, медициналық көмек ала алмай жатқан қазақстандықтарды "Үйде өз бетімше қалай емделемін?" деген сұрақ толғындырады.

Әуелі денсаулық сақтау министрлігінің үйде емделетін сиптомсыз және ауруы жеңіл жүріп жатқандарға арналған нұсқаулығына зер салайық.

1.Егер дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілсе, әлсіздікті сезсеңіз, буындарыңыз ауырса, тамағыңыз жыбырласа, жөтел пайда болса, бас ауырса және іш өтсе, өзіңізді оқшаулаңыз. Тіпті үйдегі отбасы мүшелерінен де оқшаулануыңыз керек. Жұмысыңызға хабарласып, вирус симптомдары бар екенін ескертіңіз. Емханаға хабарласып немесе учаскелік дәрігерге sms-хабарлама жіберіп, қандай ауру белгілері бар екенін түсіндіріңіз.

2. Мыналарды бақылаңыз: тыныс алу жиілігі, жүрек соғысы, дене қызуы, жөтелдің асқынуы, ентігудің бар-жоғы. Осыларды түртіп, дәрігерге хабарлап отырған жөн.

3. Не істеу керек? Сұйықты (шай, морс, су) көп ішу керек. Дене қызуы көтерілсе, парацетамол немесе ибупорфен ішуге болады. Созылмалы аурумен ауырсаңыз (қант диабеті, гипертензия, т.б.) , негізгі терапияны жалғастыра беріңіз.

4. Тыныс алу жиілігі минутына 24-реттен асып кетсе, бөлмеде ары-бері жүргенде немесе сөйлегенде ентігіп қалсаңыз, бірден дәрігерге хабарласыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз.

5. Дүкен, қоғамдық орындарға бармаңыз. Зертханаға коронавируске тексерілуге немесе қан тапсыруға бармаңыз. Тест оң немесе теріс нәтиже көрсетсе де, пандемия кезіндегі клиникалық симптомдар бар болса, бұл коронавирус инфекциясының симптомдарына жатқызылады. Ауруханаға компьютер томографиясын жасауға бармаңыз. Өкпедегі өзгерістер аурудың белгілі бір кезеңінде ғана көрінеді, оның үстіне өкпедегі болмашы өзгерістер болса, емдеу әдісі бәрібір өзгермейді.

Қазақстанның отбасы дәрігерлері қауымдастығы да үйде емделушілерге арналған нұсқаулық жасап шықты. Қауымдастықтың рұқсатымен сол нұсқаулықты жариялап отырмыз:

"Егер сізде коронавирус инфекциясының белгілері пайда болса немесе қолыңызда COVID-19 бар екенін растайтын тест нәтижесі болса  немесе КТ бойынша сізде пневмонияның белгілері бар болса, не істеу керек? Ауруханаға жату керек пе, әлде үйде жатып емделуге бола ма? Ол ауру белгілеріне байланысты.

COVID-19 анықталған адамдардың 80 пайызында ауру жеңіл немесе сиптомсыз өтеді. Сиптомсыз және аурудың жеңіл өтуі деген не?

- дене қызуыңыз 39°-дан аспайды;
- тыныс алғанда ентікпейсіз  (пәтерде/үйде жүре аласыз, душқа түсе аласыз, дәретханаға бара аласыз, шай іше аласыз және т. б.);

- бас ауруы, бұлшық еттердің және сүйектердің ауруы, тамақтың иісін немесе дәмін сезбеу, іш өту болуы  да мүмкін,  болмауы да мүмкін.

Вирусқа қарсы симптоматикалық ем жасалады:

  1. Басқа адамдарға вирус жұқтырмау үшін оқшаулану.
  2.  Интоксикацияны тоқатып, бас ауруын мен дене қызуын басып, ағза жоғалтқан сұйықтықты қалпына келтіріп (температура, ентігу және іш өткенде ағзаңыз өте көп сұйықтық жоғалтады) және қанды сұйылту үшін көп сұйық ішу керек. Бұл ең алдымен, таза су (3-4 литр), кез келген шай (таңқұрай, қарақат, шырғанақ, бөріқарақат, аллергия болмаса бал қосуға болады), сорпа. Көп мөлшерде тәтті сусындарды ішуге болмайды.
  3. Дене қызуын басу үшін парацетамол немесе ибупрофенді ішуге болады, бірақ күніне 3 реттен көп ішпеу керек.
  4. Д3 витаминін ішуге болады (400-2000 МеждЕд дозировкада).
  5. Тамақтың ауырғаны мен жөтелді басу үшін антисептикалық дәрілерді соруға болады.
  6.  Күніне бірнеше рет тыныс алу гимнастикасын жасау керек.
  7.  Төсекте ұзақ уақыт жатпауға тырысыңыз және бір орында отыруға болмайды. Ары бері жүріп-тұрыңыз, еңкейіңіз, жаттығу жасаңыз. Оны жасауға мұршаңыз болмаса да,  ұзақ уақыт бір орында жатпаңыз.
  8. Спиртпен, ас содамен немесе тағы басқа заттармен дем алудың керегі жоқ. "Профилактикалық жағдайда" аспиринді де ішпеу қажет.

Фото: Ақ Жайық

 

Байланысты жаналықтар

Алаш зиялылары тырысқақ індетінің алдын алды

25.08.2020

Белгілі әнші-өнертанушыға шұғыл көмек керек

26.11.2020

ЖОО студенттері екінші семестрде қалай оқиды?

12.01.2021

Наурыз мерекесі тойланбасын. Қалаға автобустар кірмесін.

11.03.2021

Жалпыұлттық карантин режимі алына бастады

24.04.2020

Тасмағамбетов сүрген «Саяхатты» Сағынтаев қайта сала ма?

20.05.2021