Баталов ауырып жатыр, қол астындағылар Алакөлде демалмақ па?

Malim Админ

  • 29.06.2020

Алматы облысының кейбір шенеуніктері пандемияны елемейтін сияқты. Тіпті облыс басшысы Амандық БАТАЛОВТЫҢ ауырып қалғанына қарамастан сақтық шараларына мән бермейді.

Алматы облысының ішкі саясат басқармасы шілде айында Алакөл жағасында 9 млн теңгеге іс шара өткізбекші. Денсаулық сақтау министрлігі топталмай, карантин талаптарын сақтауға шақырып жатқанда Рустам АЛПЫСБАЕВ басқаратын басқарма ішкі туризмді насихаттамақ екен.

Бұл шара туралы ақпарат мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланған. Тапсырс беруші ішкі саясат басқармасы "шара өтетін жерге 1000 мың адам сыйып кету керек және сахнасы болу тиіс" деп көрсеткен. Демек бұл шараға аз адам шақырылмайтын сияқты.

Бұл ақпарат Facebook әлеуметтік желісіндегі ТАЛДЫКОРГАНЕЦ атты топта  қызу талқыланып жатыр. Дағдарыс кезінде 9 млн қаражатқа көпбалалы аналарға баспана алып берілсе деген де ұсыныстар айтылды. Басқарма басшысы әлеуметтік желідегі жұртқа өзі жауап берді.

«Жыл сайын дәстүрге сай журналистер мен блогерлерді ішкі туризмді наисхаттау үшін шақырамыз. Әрине, оларды ең қымбат нөмірлерге орналастырамыз. Себебі блогерлердің оқырмандары дәстүрлі БАҚ-тан көп. Бізге Әлішер ЕЛІКБАЕВ, Ербол ЕДІЛОВ, Ержан РАШЕВ сияқты блогерлер келген», - деді Рустам АЛПЫСБАЕВ.

Шенеунік бұл шара бір жыл бұрын жоспарланған еді. Пандемияға байланысты өтпеуі де мүмкін дейді. Бірақ онда неге бұл шараны өткізуге тендер жариялады? Және бүгіннен бастап тендерге түскендерді қарау басталады.

Айтпақшы, облыстық ішкі саясат басқармасы былтыр да туризмді дамтыу үшін шаралар өткізген. 2019 жылдың тамыз айында Көлсай, Шарын, Қайыңдыкөл т.б жерлерге блог-тур ұйымдастырып, вайнерлерге 23 млн теңге жұмсаған.

 

 

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды