Жұрт жаппай сатып алып жатқан антибиотиктер қаншалықты пайдалы?

  • 02.07.2020
  • Malim Админ

Қазақстан отбасы дәрігерлері қауымдастығы пандемияға қатысты маңызды сұрақтардың тізімін жасап, олардың жауабын да жазыпты.

Сұрақтардың бірі – COVID-19-бен күресте қазір жұрт таласып алып жатқан дәрі-дәрмектер қаншалықты пайдалы?

Жауап: Нобазит (энисамия йодид), ингавирин (пентандий қышқылының имидазолилэтанамиді), мұрын интерфероны, арпефлю (умифеновира гидрохлорид) сияқты дәрілердің пайдасы дәлелденбеген. Бұл дәрілердің бәрі вирусқа қарсы. Бірақ клиникалық тәжірибеден өтпегендіктен, дәлелді медицина қолданылатын мемлекеттерде пайдаланылмайды.

Сондықтан бұл дәрілерге бірнәрсенің «протекторы», «иммунитет күшейткіш» деген сөздерді қолданған дұрыс. Өйткені бұл дәрілердің емі дәлелденбеген. Ғылыми түсінікке жатпайтын, жалпы мағынасы бар бұл сөздер емі анықталмаған дәрілерді шығарушылардың арасында кең қолданылады.

Тұмаудың вирусына қарсы нақты пайдасы бар дәрілер (қысқы маусымда):  тамифлю (осельтамивир), реленза (занамавир) және инавир (ланинамивир), бірақ көп адамдар бұларды коронавирусқа қарсы деп қате қолданып жүр.

Нимесил – нимесулидтің коммерциялық атауы, қабынуға қарсы нестериодтық ондаған дәрінің бірі. Аспирин, ибупрофен, парацетамол, натрий диклофенакы сияқты дәрілер де осы топқа кіреді. Егер коронавируспын деп қауіптенсеңіз, нимесил қолданбаңыз, өйткені қауіпсіздік тәжірибесінен өтпеген. Бұлшық етіңіз аурып, сүйегіңіз қақсап, температураңыз түспей қойғанда екі-ақ дәріні қолдануға кеңес бере аламыз. Олар: парацетамол мен ибупрофен.

Сумамед (патенттелмеген халықаралық атауы – азитромицин), цефтриаксон сияқты басқа да антибиотиктерді коронавирус инфекциясы анықталған адамдарға ішуге болмайды. Өйткені ол микробиоңызды бұзады (Ішек пен жұтқыншақтағы пайдалы микробтарды құртады). Ешқандай антибиотик вирусқа әсер ете алмайды. Пайдасыз ғана емес, инфекция уақытында зиян.

Антибиотиктерді коронавируспен қатты аурып, реанимацияда интубациямен жатсаңыз, бактериялық инфекцияның екінші кезеңін алдын алып, интубация жасағанда вирусты өкпеге жібермес үшін дәрігерлер ғана бере алады.

Фото: centre1.com

Байланысты жаналықтар

Министр Біртановты сынаған дәрігер митинг өткізбек

16.05.2020

«42 500 алуға қайтыс болғандар да өтініш беріп жатыр»

13.04.2020

Көлсайдың 1 дәретханасы – 15 миллион

17.06.2020

Сотқа сенбейтін Сейсембайды әлеуметтік желі қорғай ма?

21.04.2020

Теміртауда полиция қызметкерлері ұсталды

25.02.2020

Әкім елдің қаржысына салынған спорт кешенін сатып жіберді

22.10.2020