Бетперде тағу коронавирустық инфекцияның таралуын азайтады

Malim Админ

  • 05.11.2020

Медициналық маскалардың тиімділігін ғалымдар дәлелдеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлім етті.

«Зерттеулер медициналық маскалардың тиімділігін дәлелдеді. Бетперде тағу коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға көмектеседі. Тиісті зерттеуді Гонконг университеті мен АҚШ-тағы Мэриленд университетінің ғалымдар тобы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының қатысуымен жүргізді. Зерттеу нәтижелері ғылыми басылымдарда жарияланды», - деп түсіндірді қалалық бас санитар дәрігер. Оның айтуынша, америкалық ғалымдар коронавирустың жылдам таралатынын анықтады. Принстон университетінің мамандары COVID-19 індеті таралуының математикалық моделін ойлап тапты. Оның көмегімен пандемия адамдар көп жиналатын жерлерге баратын инфекция тасымалдаушылар әсерінен індет тез таралатыны айқындалды.

«Инфекцияның алдын алу үшін бәріне жоғары қорғаныс бетперделерін пайдалану қажет емес. Мысалы, жұқпалы аурулар дәрігерлеріне толық оқшаулағыш респираторлар қажет, ал жұмысы медицинамен байланысты емес адамдар үшін дәріханаларда сатылатын қарапайым маскалар жарайды. Үйде мұндай қорғаныс қажет емес, бірақ қоғамдық орындарға барған кезде міндетті болып тұр. Кәдімгі медициналық масканы әр 2-3 сағат сайын ауыстыру керек екенін есте ұстаған жөн», - деді маман. Осы орайда ол карантиндік шараларды орындауға үндеу жасады.

«Қазіргі кезде әлемде және еліміздің кейбір өңірлерінде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Осыған байланысты карантин шаралары күшейтіліп, кино және спорт залдары, театрлар қайтадан жабылды, қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс режимі қысқартылды. Осы орайда біз қаладағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды барша күшімізбен сақтап қалуға тырысудамыз. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарын осы күрделі кезеңді еңсеруге көмектесуді сұраймын», - деді Жанна Пірәлиева.

Байланысты жаналықтар

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Қытайдың сапасыз тауары тұрғанда медмаска бизнесі көгермейді

30.04.2021

Аязды күні масканы қалай таққан дұрыс?

04.01.2021

Алматы сары жолаққа енді

08.12.2020

...Құдайдан шипа сұрағандарды түсінбеймін

28.10.2020

Індет қалай тоқтайды?

14.10.2020
MalimBlocks
Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Қытайдың сапасыз тауары тұрғанда медмаска бизнесі көгермейді

Коронавирус індеті күнделікті өмірге қажетті дүниенің алдына медициналық масканы шығарды. Медмаскаға бұрын соңды болмаған сұраныс, бұрын соңды жасалмаған ұсыныс пайда болды. Нарықтағы осы сұранысқа тәуекел етіп, медмаска өндірісін қолға алған «Болашақ» ЖШС директорының орынбасары Индира Көпеновадан медмаска бизнесінің қыры мен сырын сұрадық.

Аязды күні масканы қалай таққан дұрыс?

Алматы сары жолаққа енді

...Құдайдан шипа сұрағандарды түсінбеймін

Індет қалай тоқтайды?