Аязды күні масканы қалай таққан дұрыс?

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 04.01.2021

Аязды күні медициналық масканы қалай тағу керек екенін дәрігерлер айтып жатыр. 2020 жылы әлемді әлекке салған коронавирустың беті әлі қайтқан жоқ. Аязды күні масканы әдеттегіден де жиі ауыстыру керек. Әр 30 минут сайын масканы шешіп, таза ауа жұтып, бетті дем алдырып тұру керек. Бұл тері ауруларынан қашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көшеде көп адам ортасында жүргенде маска тағу міндетті. Жалғыз жүргенде маскасыз жүрген жақсы.

Маска тағып жүргенде булану эффектісі жүріп, маска ішіндегі ауа мен сыртқы ауада әжептәуір айырмашылық болады. Қазіргі кезде маскасыз жүру мүмкін емес, бірақ тері ауруына шалдығып қалмауды да ойлау керек. Егер ондай жағдай бола қалғанда дерматолог дәрігерге барып, кеңес алған дұрыс. Өз бетіңізбен барып, крем, дәрі алып, теріні емдеуге болмайды. Себебі ондай аурудың себебі мен емдеу жолын дәрігер ғана айта алады. Бұл туралы тері ауруларын зерттейтін Сеченовский университетінің емдеу-диагностикалық клиникасының бөлім меңгерушісі Николай Арсентьев айтты.

«Аязда масканы жиі ауыстыру керек. Жарты сағат сайын теріңізді демалтып алыңыз», - дейді дәрігер.

Медицина ғылымының докторы, профессор Елена Малинникова аязды күні көшеде көп адам ортасында жүрмесе, маскасыз жүруге болады. Себебі адам жоқ жердің ауасында вирус та болмайды дейді.

«Маскасыз ауамен тыныс алу адамға өте қажет және рұқсат. Бірақ адам көп жерде маска тағу керек. Маска сөзсіз қорғайды», - дейді Малинникова.

Сонымен қатар қысты күні матадан тігілген масканы таққан дұрыс екен. Себебі ондай маскамен тыныс алу жеңіл болады. Ал кей қатты маска ауа өткізбей, дем алу қиындайды.

Матамен тігілген масканы жуғанда өзге киіммен араластыруға болмайды. Масканы киерде жақсылап екі жағында үтіктеген дұрыс.

Байланысты жаналықтар

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Қытайдың сапасыз тауары тұрғанда медмаска бизнесі көгермейді

30.04.2021

Алматы сары жолаққа енді

08.12.2020

Бетперде тағу коронавирустық инфекцияның таралуын азайтады

05.11.2020

...Құдайдан шипа сұрағандарды түсінбеймін

28.10.2020

Індет қалай тоқтайды?

14.10.2020
MalimBlocks
Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Қытайдың сапасыз тауары тұрғанда медмаска бизнесі көгермейді

Коронавирус індеті күнделікті өмірге қажетті дүниенің алдына медициналық масканы шығарды. Медмаскаға бұрын соңды болмаған сұраныс, бұрын соңды жасалмаған ұсыныс пайда болды. Нарықтағы осы сұранысқа тәуекел етіп, медмаска өндірісін қолға алған «Болашақ» ЖШС директорының орынбасары Индира Көпеновадан медмаска бизнесінің қыры мен сырын сұрадық.

Алматы сары жолаққа енді

Бетперде тағу коронавирустық инфекцияның таралуын азайтады

...Құдайдан шипа сұрағандарды түсінбеймін

Індет қалай тоқтайды?