Сағынтаев: Алматыда пневмония індеті жүріп жатыр

  • 03.07.2020
  • Malim Админ

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада пневмония өршігенін, оны індет деп қарастырып отырғандарын айтты. «Бүгінгі қалыптасқан жағдайда «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды. Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық аштық. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді.
Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті. Мұны індеттің көрінісі ретінде қарастырып отырмыз. Бұл ретте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көтерілген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен.
Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді», - деді шаһар басшысы.

Байланысты жаналықтар

Ата-аналардың өтінішімен 1-4 сынып оқушылары мектепке барады

27.08.2020

Тоқаев мораторийды тағы бір жылға созды

28.12.2020

ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖОЛДАМАСЫ КАРАТЭШІ ЮЛДАШЕВ ПЕН БЕРУЛЬЦЕВАҒА БҰЙЫРДЫ

16.06.2021

Қазақстан эпидемиологтары: Індет жазда да жалғасуы мүмкін

24.04.2020

Педагог мәртебесі карантинде қалай қорғалып жатыр?

25.04.2020

Түймебаев бәрібір ректор болды

10.02.2021