Министр Цой: "Шымкенттік дәрігер Айнамен 40 минут сөйлестім"

  • 07.07.2020
  • Malim Админ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін өткен онлайн брифингіде шымкенттік реабилитолог дәрігер Айна Бакеевамен сөйлескенін айтты.

"Дәрігер Айнаның мәлімдемесіне қатысты көп сұрақ болды. Бүгін онымен байланысқа шыға алдым. 40 минут бойы әңгімелестік. Оны толғандыратын негізгі мәселені түсіндім. Ол әлеуметтік желіде, тіпті  медицина қызметкерлерінің арасында емдеудің түрлі стандарты бар екенін, оны әлеуметтік желіде көрген адамдар өз бетінше ем жүргізіп, препараттарды қабылдай бастайтынын айтты. Кейде бұл препараттар халді онан әрмен нашарлатады. Оған мыңдаған азамат хабарласып, осы сұрақтарға жауап алғысы келеді. Онымен  әңгімеде министрлік мамандармен бірге емдеудің ресми ұсыныстарын жасағанын, ол министрлік сайтына ілініп, әлеуметтік желіге жарияланатынын айттық. Дәрігердің өзі де бұл емдеу хаттамаларын әлеуметтік желіде тарататамын деді. Біз сондай-ақ  бізге көмектемесіз деген дәрігерлердің платформаларын да пайдаланамыз. Көмектесеміз деген блогерлер де бар", - деді А.Цой.

Сенбі күні шымкенттік дәрігер Айна Бакееваның әлеуметтік желіде біраз талқылау туғызған видео мәлімдемесі тараған еді. Ол мәлімдемеде дәрігер денсаулық сақтау министрлігін коронавирусты емдеу хаттамасын қайта қарастыруға үндеген. Оның айтуынша, қазір науқастар вирусты өкпе қабынудан емес, өкпенің ісінуінен қайтыс болып жатыр.

 

Байланысты жаналықтар

Тағы екі адамнан коронавирус табылды

15.03.2020

Қазақтар мінген қымбат яхта Италияда өртенді (видео)

27.08.2020

Шымкентте дәрігерлерді көшеге тізіп қойғандар жауапқа тартылады

13.07.2020

«Туған жер» жобасы аясында өңірлерге 10 млрд инвестиция құйылды

29.10.2020

Сібір қазақтарының ана тілін үйренуге мүмкіндігі жоқ

05.05.2021

Ата-аналардан қолхат алу – ақылға қонымсыз

26.05.2020