Мұхамеджан Тазабекке базына

  • 07.07.2020
  • Malim Админ

Мына індет қаншама ел бетіне қараған, халық ертеңіне үміттене көз тіккен қанша азаматты әкетті. Орындары удай ашиды, осы індет жалмаған ұлттық әлеуеттің қайтып қалпына келуіне де біраз уақыт керек болады ау. Қашан тоқтайтыны да белгісіз, әлі қанша құрбаны болатыны бір Аллаға ғана аян.
Бәрімізге де қазақ жұртының ел болғаны қымбат, және өз бейнесімен, өз бедерімен, өз үнімен жетсе дейміз. Жазбаңыздан жаны ашыған жанның үнінен де өзге бір леп еседі. Айыптау керек болса халықтың да айтары бар.
Дәрі жоқ, дәрігер жетіспейді, аурухана адамға толды, моргтерден жақынын алуға халықтың кезекте тұрғаны анау. Сіз тәрізді мен де елімді, Отанымды, Астанамды сүйемін, бірақ халқы қынадай қырылып жатқанда 30 жыл баққан елінің ұл-қызы індеттен көз жұмып,қараша жұрты көз жасын төгіп жатқанда ақсақалдың от шашып тұрып той тойлауы айып емес пе? Жақауратып жақтағанша бір сәт ақыным деп төбесіне көтерген, көзінен жасы төгілген, шерменде көңіл халыққа да бұрылыңыз. Көңілін жұбатып, елдің сөзін, халықтың датын жеткізе біліңіз. Босада халыққа қаратып сөз айтқан екенсіз, енді халықтың да үнін жеткізіп екі араға көпір болыңыз. Әйтпесе ел жылап, жақынын жер қойнына ақ жуып, арулап тапсыруға да біреуге індет жұқтырып аламын ба деп қорғалап, ақтық сапарға аттандыруға көңілін білдіріп, батасын жасап беттерін сипауға бара алмай жатқанда аспанға жарқылдатып от шашылып масқара болып жатыр. Екі ара ашылмасын десеңіз от ауызды, орақ тілді соған бағыттаңыз. Әлде сіз үшін тек халықты айыптау мақсат па?
Өзіңіздің сауығып кетуіңізге тілектеспін, аз қазақтың әр баласының амандығы тілеуім. Халық Мұхамеджан ақынның фәлсафалық ойының бір сәт билікке де қаратыла айтылуын қалайды. Күттік, күтеміз.

Анар Төлеухан

Пост автордың рұқсатымен жарияланды.

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналду екі рекорд жаңартты

16.06.2021

Маскүнемдік дерті

28.07.2021

«Ауыл» партиясы мен «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» қандай  меморандумға қол қойды?

26.08.2020

Бекшин жаңа болжам жасады

02.07.2021

Балалар дәретханасына камера орнатқан шенеунік жауап берді

01.06.2020

Президент "Бейбіт митинг туралы" заңға қол қойды

26.05.2020