«Аллажар» фильмінің режиссері Қалдыбай Әбенов қайтыс болды

  • 09.07.2020
  • Malim Админ

«Аллажар» фильмінің  режиссері Қалдыбай Әбенов қайтыс болды.

Қалдыбай Әбенов 1951 жылы дүниеге келген. 1986 жылы ВГИК-ті бітірген. 1993 жылы атақты "Аллажар" фильмін түсіреді. Фильмі арқылы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінің ақиқатын ашып көрсетеді.

Бір сұхбатында бұл туындысы туралы режиссер: "Келер ұрпаққа қыршын кеткен ерлердің ерліктерін үлгі ретінде көрсету, қазақтың мүддесі үшін, қазақ жастарының қандай ерлікке барғандарын дәріптеу мақсатымен түсірілген фильм ғой. «Аллажар» деген атауының өзі ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан жалбарыну ғой, біздің бабаларымыз қиналған сәтте Жаратушыға сиынатын. Желтоқсанға қатысқан жастар да «Я, Аллам, өзің жар бола гөр!» деп шейіт боп жатты. Мұның атауының өзіне алғашқы күннен бастап тиіскен еді, ол кез шындықты айту қиын, Колбиннің тақта отырған кезі еді ғой, осындай уақытта фильмді бастау да оңай болған жоқ", - деген болатын.

Екі жыл бұрын Қалдыбай Әбеновтің жағдайы нашарлап елден көмек сұраған болатын. 2013 жылы инфаркт пен инсультті қатар алып, жүріп-тұруы қиындаған болатын.

Режиссердің қазасын журналист Құрманжан Қасымжан фейсбук парақшасында хабарлады.

Байланысты жаналықтар

Аманхан Әлімұлы дүниеден өтті

30.03.2020

Ғалым Смағұл. Карикатура сөйлесін

09.04.2021

Тоқаев мұқтаж елдерге көмектескісі келеді

07.04.2020

Майлыбаев мерзімінен бұрын түрмеден шықты

10.06.2020

Президент мырза, Қайырбековаға араша түсіңізші

13.03.2020

Мәсімханұлы Шығыстану институтының директоры болып тағайындалды

01.06.2020