457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық режиссер америкалық рэперге клип түсірді

Қазақстандық режиссер және продюсер Медет Шаяхметов америкалық танымал рэпер Gucci Mane-ге бейнебаян түсіріп берді деп хабарлайды Malim.kz.

Медет Шаяхметов – халықаралық деңгейде жұмыс істейтін кинематографист, PBC Worldwide продакшн-компаниясының негізін қалаушы. Ол 1993 жылы Ақмола (қазіргі Астана) қаласында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алған.

2019-2020 жылдары ол Нью-Йорк пен Лос-Анджелестегі кино мектептерінде оқып, бейнелеу өнері бакалавры (BFA) дәрежесін алған. Оның оқуына Saby қоры қолдау көрсеткен.

Медет бұған дейін Kanye West, Ty Dolla Sign, Rae Sremmurd сынды әлемдік жұлдыздардың жобаларына қатысқан. Сонымен қатар, ¥$ (Ye & Ty Dolla Sign) альбомына арналған бейнебаяндарда режиссерлік қызмет атқарған.

Шетелдік жобалармен қатар, ол Қазақстан мен Ресей шоу-бизнесінде де белсенді. Скриптонит, Jah Khalib, Moldanazar сынды танымал орындаушылармен бірлескен видеожобалары бар.

Фото: https://www.facebook.com/medet.shayakhmetov