457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Танымал актер және режиссер өмірден өтті

Америкалық актер, кинорежиссер әрі продюсер Роберт Редфорд 16 қыркүйек, сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңертең Юта штатындағы үйінде 89 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Malim.kz. The New York Times (NYT) сілтеме жасап.

Оның өлімін актермен ұзақ жылдар жұмыс істеген жарнама агенттігінің бас директоры Синди Бергер растады.

Оның айтуынша, Редфорд ұйықтап жатып көз жұмған. Нақты өлім себебі жарияланған жоқ.

"Ол сүйікті орнында, жақындарының қасында болды", – деді Бергер.

Кино әлемінің аңызы саналатын Роберт Редфорд өмірінде 100-ден астам фильмге түсті. Оның ең танымал рөлдерінің қатарында «Бутч Кэссиди және Сандэнс Кид» (1969), «Президенттің барлық адамдары» (1976), «Кондордың үш күні» (1975) фильмдері бар.

Редфордтың актерлік мансабындағы ең табысты фильмі – 1993 жылы жарық көрген «Ұятсыз ұсыныс» мелодрамасы болды. Деми Мур және Вуди Харрельсон басты рөлде ойнаған бұл туынды әлемдік прокатта 267 миллион доллар табыс жинаған.

Фото: Franck Castel/MAXPPP/dpa/picture alliance