Режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстаннан көшу себебін айтты

Танымал режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстаннан кетіп қалды, - деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бәрі Райымқұловадан басталды. Осындай бір мәдениет министрі болды. Бұрыннан айтып келе жатырмын. Бізде мәдениет мәселесіне немқұрайлы қарайды деп. Бірақ Райымқұлованы министр ету – шектен шығу. Оның мәдениетке қатысы менің мал шаруашылығына қатысыммен бірдей", - деп жазды Тұрсынов.
Режиссёрдің айтуынша, Ақтоты Райымқұлова сол кезде "отбасыға" жақын тұлға болған, ал билікке сондай "көнбіс" адамдар қажет еді.
"Қалай министр болғанын білмеймін. Мүмкін, сол күні төсектен оң аяғымен тұрған шығар. Алдымен «"Қазақфильм" басшыларын кетуге мәжбүрлеп, орнына өз адамдарын қойды. Кейін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын Сәрсенова Г-ға тапсырды. Ол да сол "отбасыға" жақындардың бірі. Осылайша, бұл саланы толығымен иеленіп алды", — дейді режиссёр.
Тұрсынов кино саласында жемқорлық, жалған келісімдер және басқа да заңбұзушылықтар болғанын айтады. Бірақ Сәрсенова бұл істерді жауып, тек айыппұлмен құтылған.
"Қысқасы, нағыз цирк. Аудандық деңгейдегі ұйымдасқан қылмыстық топ сияқты. Айтып отырудың өзі шаршатады. Кәдімгі қазақи трагифарс", - деп жазады ол.
Бұдан басқа, Тұрсынов "Бесмойнақ" фильміне байланысты туындаған жағдайға да тоқталды.
"Мәдениет министрлігі бұл фильмде "президентті мазақтау бар" деп шешім қабылдады. Мен монтажды өзгертуден бас тарттым. Содан кейін фильм мүлде жарық көрмеді. Киноны көрерменге көрсете алмасам, қандай табыс болмақ? Тек режиссёрлік жұмыс үшін аздаған еңбекақы алдым. "Мемлекеттің ақшасын жеді, ал фильмі жоқ" деген айып — жала. Фильм бар. Тек оны көрсетуге тыйым салынған. Министрдің сол кездегі шешімі әлі күшінде. Мен президент Тоқаевқа құрметпен қараймын. Оны мазақтау ойымда болған жоқ", — деп түсіндірді ол.
Ермек Тұрсынов туралы не белгілі?
Ермек Тұрсынов – режиссер, сценарист, жазушы. 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол Мәскеудегі бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК) аяқтап, кинематография саласында танылған. Оның ең танымал туындылары:
"Келін" (2009) – Қазақстанның "Оскар" сыйлығына ұсынылған фильм.
"Шал" (2012) – аға буын мен жас ұрпақтың арасындағы философиялық қарым-қатынасты көрсететін туынды.
"Жат" (2015) – кеңестік қуғын-сүргіннің қазақ халқына әсерін суреттейтін драма.
Ермек Тұрсынов қазақ мәдениеті мен тарихына терең бойлап, қоғамдағы өткір мәселелерді кино тілінде бейнелейді. Оның шығармалары әлеуметтік, философиялық мазмұнымен ерекшеленеді. Қоғамдағы мәселелерді ашық айтатын өткірлігімен де белгілі.
Фото: әлеуметтік желіден
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Е. Тұрсынов: "Әл.желідегі парақшаларымды жауып тастады"
Кино әлемінде ерекше туындыларымен көзге түсіп, дара жол сала білген режиссерлардың бірі – Ермек Тұрсынов. Халықаралық кино фестивальдерде қазақтың атын шығарған тұлғаның ұраны - еркіндік, іздегені - шындық. Еңбек жолын қарапайым тілшіліктен бастап, бүгінде Қазақстан кинематографистер одағының төрағасына айналған.