Ермек Тұрсынов елден неге кетті? Депутаттар пікір білдірді

Арман Қайыпхан

  • 19.05.2025

Режиссер әрі жазушы Ермек Тұрсынов әлеуметтік желіде Қазақстаннан кеткенін мәлімдеп, көпшілікті таңғалдырды. Оның айтуынша, елден кетуіне билік тарапынан қысым себеп болған.

Осы ақпарат жарияланғаннан кейін оқырмандардың пікірі қақ жарылды. Бірі оның бұл әрекетін сынға алып, оның фильмдеріне бюджеттен миллиондап қаржы бөлінгенін, алайда олардың кассалық табысы болмағанын еске салды. Ал енді біреулер Тұрсыновты қолдап, оның қазақстандық кино өнеріне қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Malim.kz тілшісі Мәжіліс депутаттарынан пікір сұрап, режиссердің бұл әрекеті туралы не ойлайтынын білді.

Жұлдыз Сүлейменова:

Жаһандану заманында ол - өзінің құқығы деп білемін. Бірақ мен оның бірде-бір туындысын, сондай бір мемлекеттің қаржысын жұмсап, жасауға болатын туынды деп санамаймын. Маған оның туындылары сондай бір керемет сезім қалдырмайды.

Ұласбек Сәдібеков:

Режиссер, Ермек Тұрсыновтың портреті есебінде - ол кісіні үлкен мәртебеге ие азамат. Ал енді оның айтқан мәселесін, әлеуметтік желіде жүрген жазбасын, шынын айтқанда, мен түсінген жоқпын. Қандай мақсатпен, не үшін кетіп жатыр мен үшін бұл жаңалық болды.

Азат Перуашев:

Ермек Тұрсынов өте дарынды,өте мықты режиссер, белгілі қайраткер. Меніңше, оның елімізден кетуі, енді, біріншіден, біз оны айыптауға құқығымыз жоқ, әркім өз жолын, тұратын жерін өзі таңдайды ғой. Бірақ оны зорға біреу итермеледі деп, содан соң басқа мемлекеттік органдарда оның үстіне ешқандай қылмыстық іс, претензия болмаған деп жатыр. Түсініксіз. Көрейік тағы не деп айтатынын.

Нартай Аралбайұлы:

Жаппай шығармашыл адамдар елден кетіп жатқан жоқ қой. Бұл бір ғана кейс. Алған желідегі ақпараттар бойынша, ол азаматтың отбасы, бала-шағасы шетелде тұрып жатыр. Сондықтан шетелге отбасына кеткен шығар. 

Амантай Жарқынбек:

Менің ол жерден жан-жақты ақпаратым жоқ, қандай жағдай болғанын білмейді екенмін. Әлеуметтік желіде әр түрлі әңгімелер айтылып жатыр ғой. Жалпы енді, елден кету деген үрдіс, біз кезінде Мұхтар Мағауин басқалар жайлы айттық. Өнер адамының елде болғанын дұрыс деп ойлаймын. Қалай болғанда да өнер адам ол біздің рухани потенциалымыз ғой. Енді заңға қайшы дүниелер болса, оған құқық қорғау органдары баға береді деп ойлаймын. 

Айдос Сарым:

Ештене демеймін, пікірім жоқ…Енді өзінің хақысы ғой.

Жигули Дайрабаев:

Әркімнің өзінің қалауы біледі ғой. Мен ол азаматты жақсы режиссер екенің білемін. Бірақ жеке таныстығым жоқ. Қазір енді әлем кең ғой, мүмкіншілік бар, білімін арттырайын деген шығар, мүмкін балаларына білім берейін деген шығар. 

Дәулет Мұқаев:
Өзінің таңдауы ғой. Ол шығармашыл адам. Оның ешкімге елде шектеу жоқ, осында қаласың немесе кетесің деген. Өзінің таңдауы деп ойлаймын.

Ардақ Назаров:

Естімедім ондай жағдайды

Фото: Жанара Каримова / Власть

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстаннан көшу себебін айтты

18.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстаннан көшу себебін айтты

Таразда депутат соққыға жығылды

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды