Белгісіз пневмония COVID-19-дан да қауіпті ме?

Malim Админ

  • 10.07.2020

Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанда коронавирустан да қауіпті пневмония тарағаны туралы мәлімет таратты. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұған қатысты түсінік берді.

«Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирусқа қарағанда, өлім-жітімге анағұрлым көбірек алып келетін белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі аталған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етеді. Айта кету керек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Аурулардың халықаралық тізіліміне  АХТ-10-ға пневмонияны есепке алатын кодтар енгізді. Мысалға, «күңгірт шыны» симптомы кезінде өкпенің зақымдануында, КВИ клиникалық және эпидемиологиялық түрде анықталғанысмен, зертханалық түрде расталмайды. Осыған байланысты Қазақстан өзге елдер сияқты осындай пневмония түріне мониторинг жүргізеді. Бұл коронавирус инфекциясына шалдығу және оның таралу жағдайын тұрақтандыруға бағытталған шешімдерді уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді. 9 шілде күні Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пневмония бойынша жалпы елдегі жайдайды айтқанда, АКХТ-10 тізіліміне сәйкес «белгісіз этиологиядағы вирусты пневмония» бар деген.

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық БАҚ-тың хабарламасы шындыққа жанаспайтынын мәлім етеді», - делінген министрлік жауабында.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Цойға ескерту жасады

01.04.2021

Ералы Тоғжановтан симптомсыз коронавирус анықталды

18.06.2020

Цой сенбейді, Аймағамбетов сенеді. Кім патриот?

01.10.2020

Цой: Наурызда коронавирус өршиді

19.01.2021

Кім өтірікші: Цой ма, Қожахметов пе?

04.09.2020

"Людмила Бюрабекованың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін"

24.09.2020
MalimBlocks
Тоқаев Цойға ескерту жасады

Ералы Тоғжановтан симптомсыз коронавирус анықталды

Цой сенбейді, Аймағамбетов сенеді. Кім патриот?

Цой: Наурызда коронавирус өршиді

Кім өтірікші: Цой ма, Қожахметов пе?

"Людмила Бюрабекованың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін"