Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Басты

Болат Әбілов Төлесоваға араша түсті

malim Авторы: malim
11.07.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Бір топ қазақстандық белгілі кәсіпкерлер азаматтық белсенді Әсия ТӨЛЕСОВАҒА араша түсті. Олар президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА хат жолдады.

«Біз сіздің еститін мемлекет тұжырымдамаңызды қолдаймыз. Ол үшін ойын айтатын азаматтар болу керек. Біз Әсия Төлесованың ісін жеке бақылауыңызға алуыңызды сұраймыз. Әділ әрі ашық сот өтуін қамтамасыз етсеңіз», – делінген ашық хатта.

Қол қойғандардың арасында Болат ӘБІЛОВ, Ораз ЖАНДОСОВ, Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ сынды бір кезде оппозицияда болған азаматтар бар. Және Еркін ТӘТІШЕВ, Еркін ТӘТІШЕВ, Нұржан БЕКШЕНОВ, Еркеш ШӘКЕЕВ сынды кәсіпкерлер қол қойған.

10-шы маусымнан бері қамауда отырған Әсия Төлесова қылмыстық кодекстің 378, 380 баптары бойынша айыпталып отыр. Яғни «билік өкілін қорлау» және «билік өкіліне күш қолданды» деген күдікке ілікті. Азаматтық белсенді Төлесованың үстінен алты бірдей полиция қызметкері шағымданып отыр.

2020 жылдың 6 маусым күні билікке қарсы митингіде Әсия Төлесова полицияның қалпағын қағып түсірген болатын. Куәгерлер қоғамдық белсендінің бұл әрекетін  полиция ұстаған азаматтарға араша түспек болды деп түсіндірген.

7 шілде күні Алматыдағы Медеу аудандық сотында Төлесоваға қатысты сот отырысы басталып та кетті. Егер судья Зарина МАХАРАДЗЕ күдіктіні кінәлі деп тапса, Төлесова үш жылға дейін сотталуы мүмкін.

Коллаж: МӘЛІМ.КЗ

 

Ұқсас жазбалар

Жұмағали Маханов пен Бекжан Тұрыс

Жұмағали Маханов: «Бекжанға таңғалам, Бақытжанмен сырласам»

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
17.04.2021
0

­«Алдыңғылардың әңгімесінде» қонақта Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының актері Жұмағали  Махановпен сұхбаттасқан едік. Сахнаның қыр-сырын...

Есенғали Раушанов

Есенғали планета боп кеткен жоқ па осы…

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
16.04.2021
0

16.04.2021. Адам тірі кезінде түскен әдемі суреттері өлген соң неге мұңлы бола қалады екен... Бір кездері жарқылдаған көзқарасы да қош...

Есенғали Раушанов қайтыс болды

Авторы: malim
16.04.2021
0

Ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов қайтыс болды. Бұл туралы ақын Ақберен Елгезек Facebook парақшасында жазған. "Қадірлі ағайын!...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ұзынағашта оңалту орталығы ашылды

19.12.2020

Назарбаевқа тағы бір ескерткіш қойылды

03.07.2020

Сыбайлас жемқорлық қашан жойылады?

25.02.2020
Бауыржан Қарағызұлы

Бауыржан Қарағызұлы. Ақ пен қара – бірдей түс. Оян, жаным…

15.03.2021
Көрнекі сурет

Қойшыларға tik-tok түсіртіп, жарыстырмақ

19.12.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!