"СҚ-Фармацияны" Мәминнің бұрынғы кеңесшісі басқарады

Malim Админ

  • 12.07.2020

Бүгін Ерхат Есқалиев "СҚ-Фармация" ЖШС-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды.

"Премьер-министрдің келісімімен Ерхат Есқалиев "СҚ-Фармация" ЖШС-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды", - делінген үкіметтің сайтында.

Ерхат Есқалиевтің өмірбаянына қарағанда, оның фармация және денсаулық сақтау саласына ешқандай қатысы жоқ. Ол 1976 жылы Алматыда туылған. "Братья Карич" университетінің банк ісі мен сауда академиясын, "Әділет" құқық мектебін, Халықаралық бизнес академиясын, Халықаралық бизнес мектебін, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

1998 жылы қаржы министрлігінің инвестициялық институттармен жұмыс жөніндегі жетекші маманы қызметін атқарды. 1999-2003 жылдар аралығында Атырау облысы әкімдігі, қаржы министрлігі мен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында жұмыс істеген. 2003-2006 жылдары "Қазақстан даму банкінің" басқарма директоры болған. 2006-2008 жылдары "БРК-Лизинг" АҚ-ның басқарма төрағасы, 2008-2009 жылдары "ҚазТемір Транс" президенті, 2009-2010 жылдары индустрия және сауда вице-министрі қызметін атқарды. 2011-2013 жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы президентінің, яғни Асқар Мәминнің кеңесшісі болған. Кейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының құрылымдарында жұмыс істеген. 2018 жылдан мамырынан осы күнге дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көлік логистикасы комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Е.Есқалиев сондай-ақ "СҚ-Фармацияның" бақылау кеңесіне мүше болып келген.

10 шілде күні президент Қ.Тоқаев "СҚ-Фармация" мен міндетті медициналық сақтандыру қорының басшыларын қызметінен алуды талап еткен. Тоқаев "СҚ-Фармацияда" белгілі бір топтардың мүддесі жатқанын мәлімдеген. "СҚ-Фармация" не деген ұйым, онда кімдер жұмыс істейді? 15 жыл бойы осы ұйым туралы естіп жүрмін, онда бәрі жұмыс істегі келеді, кландардың мүддесі жатқан көрінеді", - деді Тоқаев.

11 шілде күні "СҚ-Фармацияның" басшысы Шәріп Берік пен міндетті медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұлов қызметінен кеткен.

 

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

23.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

20.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

18.03.2024

Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады

14.03.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

Осы уақыт аралығында қандай маңызды шешім қабылданды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады