Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Ректор да билік пен жүйеге ашына бастапты

malim Авторы: malim
12.07.2020
Share on FacebookShare on Twitter

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры,  бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі (2008-2011) Ақылбек Күрішбаев әлеуметтік желідегі жазбасында үкімет төтенше жағдайға дайын емес екенін көрсетті дейді. Бұрынғы министр әлемжеліде ашына жаған пікірінде елдің арқасында байыған олигархтар мен қалталы азаматтар арнайы қор ашып, халыққа көмектесін деген ұсыныс тастайды. Төменде А.Күрішбаевтың жазбасын назарларыңызға ұсынамыз.

“Қазақстанның ішкі-сыртқы және өндірістік қазба байлығының 55 пайызы тек 162 адамға ғана тиесілі екен. Орта есеппен әлгі әлемдік деңгейдегі олигархтардың жылдық табысы 50 миллион доллардан асып түседі.
Мұнша байлық оларға қалай келді?
Әрине, елдің, халықтың арқасында.

Үлкен қаржыны игеріп шексіз табыс тауып отырған сол отандастарымыз қазіргідей қиын-қыстау заманда не істеп жатыр. Дұрыс, бас кезінде біраз бизнесмендеріміз арнайы қор ашып, елге көмектесті. Ал қазір ше? Жағдайдың күрделі болып бара жатқанын көздері көріп отыр. Бүгінгі күннің өзінде дәрілік препараттар жетпей қанша адам өмірімен қош айтысты…

Президентіміз халық үшін барынша тиісті шаралар қолдануда. Ал шынтуайтына келгенде ел Үкіметі тәжірибесінің аздығы мен төтенше жағдайға дайын емес екендігін көрсетті. Бұл жағдайға соғыс деп қарау керек. Ал сол соғысқа біздің төтенше жағдайлар жөніндегі құзырлы орындар мен Үкімет осалдық танытып отырғаны шындық.

Мен түсінбейтін мына мәселе. Егер біз кейбір көршілеріміз тәрізді кедей мемлекет болсақ жағдай түсінікті. Ол елдерде біздегідей форбсқа кіретін байлар, олигархтар көп емес. Ал біздің мемлекетте тұратын халықтың арқасында қоржындары толып жүрген әлгі қалталы азаматтарымыз дәрілік заттарды былай қойғанда басқа елден мамандарды шақырып, әрқайсысы бір-бір аурухана салуға мүмкіндігі жетеді ғой. Болмағанда сол жандар неге тағы да арнайы қор ашпасқа? Сөйтіп, барлығы ашық болуы үшін ел алдында кім қанша көмектескені туралы ақпаратты неге жазбаймыз?
Халық білсін, ел көрсін. Азаматтардың елі үшін не істей алатындығын білейік.

Халықтың жағдайының төмендеп кеткендігін мен өзіміздің университет қызметкерлеріне қарап ақ бағамдап отырмын. Ұстаздарды айтпағанда қарапайым жұмысшылардың жағдайын тіпті мүшкіл деуге болады. Онсыз да төмен жалақы мынандай қымбатшылық уақытта олардың тұрмысы тіптен төмендеп кетті. Қызметкерлерімізді шама келгенше қолдап жатырмыз. Бірақ университеттің де жағдайы шектеулі.

Дәрі жоқ дейміз. Бірақ дәрілер болса да, оны сатып алатын қаражаты жоқ отандастарымыз өте көп. Оларға қай жағынан қолдау керектігін зерттеп тиісті жағдай жасалуы керек.
Сондықтан да бүгінгі алмағайып заманда ел Үкіметінің мүмкіндігі келмей жатқан кейбір тұстарына әлгі қалталы азаматтарымыз қол ұшын берсе жағдай дәл бүгінгідей болмас еді”.

Tags: Ақылбек Күрішбаевкоронавирусминистролигархтарректорүкімет

Ұқсас жазбалар

Қытай Қазақстан аумағына зауыт салатын болды

Авторы: malim
04.03.2021
0

Қытай Қазақстан аумағына жалпы құны 24,5 миллиард доллар болатын 56 кәсіпорын салмақ. ҚР Сауда және индустрия министрлігінің ресми сайтында жарияланған...

Көлгіновтің кабинетіне барған аналарды полиция алып кетті

Авторы: malim
02.03.2021
0

Алтай Көлгіновтың кабинетіне барған төрт ананы полиция алып кетті. Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінде тоғыз күннен бері түнеп жатқан төрт ананы полиция...

“Бізге адам деп қарап жатқан жоқ”: Аналар мүгедек балаларымен бірге әкімдік дәлізіне түнеуде

Авторы: Есдәулет Қызырбекұлы
02.03.2021
0

Аналар мүгедек балаларымен бірге Нұр-Сұлтан әкімдігіне түнеуде. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналар бір күннен бері елорда әкімдігіне түнеуде. Тоғыз жасар...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Дауылдан соң: Мырзахметов кетті, Сапарбаев келді

10.02.2020

Айтыспен өлең жарысса…

20.10.2020

Заңға қарсылық: “Қазақ тілді ортаны манипуляциялау оңай”

20.01.2021

Озық елдер баланы 12 жыл оқытады

24.03.2020
Коллаж: Malim.kz

Біртановпен айқасқан дәрігер: 200 мың адамдық митингіге рұқсат сұрадым

10.09.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!