457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұлттық қордан 7 миллион балаға қаржы аударылды

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллионға жуық баланың шотына қаржы аударылды, деп хабарлайды Malim.kz

2022 жылғы қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жариялаған бұл жоба 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде іске қосылды. Бағдарлама 2006 жылдан бастап туған барлық балаларға арналған. Оның шеңберінде Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ы балалардың шотына аударылады. Бұл қаржы 18 жасқа дейін жиналып, кейін тек білім алуға немесе баспана сатып алуға жұмсалады. Ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алуға рұқсат жоқ.

2023 жылы бағдарламаға 6 919 131 бала қатысты. Әрбір баланың шотына 100 доллардан астам қаржы есептеліп, жалпы сома 695,5 миллион долларға жетті. 2024 жылы осы балалардың ішінен 304 815-і 18 жасқа толып, оларға 30,6 миллион доллар көлемінде қаржы аударылды. 2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға жетті. Биыл олардың 324 430-ы 18 жасқа толады. Осы жылы бір балаға есептелетін сома 129 доллардан асты.

Бағдарламада екі жылдан бері қатысып келе жатқан балалардың жинағы, инвестициялық табысты қосқанда, орта есеппен 232,94 долларды құрады. Ұлттық қордан бөлінген жалпы қаржы көлемі 1,5 миллиард доллардан асты.

Қаржы тұрғын үй сатып алуға және білім ақысын төлеуге жұмсалып жатыр. Осы мақсатта 118 мыңнан астам өтінім түсіп, оның 97 мыңы мақұлданды. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 63 871 өтінім беріліп, 56 591-і орындалды. Бұл бағытта 6,6 миллион доллардан астам қаржы төленді. Ал білімге қатысты 54 270 өтінім түсіп, оның 40 466-сы орындалып, 4,75 миллион доллар жұмсалды.

Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы әрбір баланың болашағы үшін қаржылық іргетас қалыптастыратын ұзақмерзімді мемлекеттік қолдауға айналды.

Фото: freepik.com