«Еріктілер болмаса, қабір қазып үлгере алмай жатырмыз»

Берік Жанатханұлы

  • 13.07.2020

Талдықорған  қаласында қабір қазатын адамдар жетпей жатыр. Тіпті қала іргесіндегі Еркін ауылындағы қорымда адам жерлейтін орын да болмай жатыр. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайтының Алматы облысындағы тілшісі хабарлайды.

Қазір Алматы облысының орталығында қаралы отбасылар көбейіп кетті. 34 гектар аумағы бар қорымнан кісі жерлеуге орын табу қиын. Соңғы кезде қаралы көш Еңбек ауылындағы қабірстанға ағылуда. Зират күтуші қабір қазушылар жетпей жатқанын айтады. Ол еріктілердің көмегіне жүгініп әлеуметтік желіде арнайы жазба да қалтырған.

«Осы індет басталғалы бейіт басынан кісі аяғы суымай тұр. Талдықорғанда екі зират бар. Біреуі Еркінде, екіншісі Еңбекте. Біріншісінде орын жоқ. Екінші қорым 2011 жылы ашылды. Аумағы 53 гектар жер. Осыдан екі апта бұрын 37 адамға дейін жерленді. Осы айда 123 адамды жер қойнына тапсырдық. Осындай кезде көмектесіп жатқан волонтерларға рақмет», - дейді  Талдықорған қаласының зират күтушісі Сандуғаш ДҮЙСЕНОВА.   

 «Қазір шынында да қиын жағдайды басымыздан өткеріп жатырмыз. Алла сақтасын! Мәйіт көп тұрып қалса обал ғой. Сол үшін ерікті ретінде қабір қазысып жатырмын. Әлі де адамдар жетіспейді. Ертең тағы да қатарымыз толығады. Ақын-жазушылар, блогерлер де жәрдемдесуге келетін болды», - дейді Мансұр ҚҰРМАНҒАЛИЕВ есімді ерікті.

coronavirus2020.kz сайтының  мәлімет бойынша Алматы облысында коронавирусқа 3130 адам шалдықса, оның 2063 сауығып шықты. Қайтыс болғандардың саны 4 адам. Алайда, кісі шығыны пневманиядан боп тұр.

«Коронавирус инфекциясынан 8 адам көз жұмды. Одан бөлек 6 айдын қортындысы бойынша,  112 адам пневманиядан көз жұмған. Қазіргі таңда індетпен күрес жолында облыстан қосымша дәрі-дәрмекке 500 млн теңге бөлінетін болды. Сондай-ақ, біз демалыс күні қатаң 2 күндік карантин жариялаған болатынбыз. Алғашқы нәтиже жаман емес. Бірақ бұл шараның нақты қорытындысын 2 аптадан кейін көретін боламыз», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалмұрат ЖҮКЕЛ.  

[caption id="attachment_5567" align="alignleft" width="1152"]Жәлпебай Болат, қабірші Жәлпебай Болат, қабірші[/caption]

Талдықорған маңындағы зиратқа COVID – 19 вирусынан қайтыс болған марқұмдарды арнайы көлікпен алып кеп жерлеген. Және дезинфекция жасалған. Ал қабір қазушы Жәлпебай БОЛАТ адам өлімінің көптігінен  ақым қазбай тек жарма ғана қазып жатыр екен. Жұмысымызға 40-50 мың аламыз. Жағдайы жоқ адамдарға арзан баға айтамыз дейді. Жалпы, Талдықорғанда 20 қабірші бар екен. Оларға 20 ерікті қосылыпты. Кейбірі бірер күн жәрдемдессе, енбі бірі күнделікті келеді екен. Арнайы техникаларымен келіп қол ұшын беріп жатқандар да бар.

 

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

«Базарды ашпаса, көтеріліске шығамыз»

20.05.2020

Солтүстіктің браконьерлері тыным таппай тұр

04.11.2020

Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа тұрғызуды оңайлатпақ

17.09.2020

Киік қырғандар құрықталуы тиіс

11.04.2020

Қырғыз депутаты: Қазақтар шекарадан өткізу үшін ақша сұрайды

11.06.2021

Ата-аналардан қолхат алу – ақылға қонымсыз

26.05.2020
MalimBlocks
«Базарды ашпаса, көтеріліске шығамыз»

Солтүстіктің браконьерлері тыным таппай тұр

Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа тұрғызуды оңайлатпақ

Киік қырғандар құрықталуы тиіс

Қырғыз депутаты: Қазақтар шекарадан өткізу үшін ақша сұрайды

Ата-аналардан қолхат алу – ақылға қонымсыз