Атыраулық ерікті: Біз енді қанша күн шыдаймыз?..

Malim Админ

  • 14.07.2020

Атыраулық ерікті Арман Рахмет фейсбук жазбасында ауруханада ерікті боп өткізген бір күнін жазды. Арманның айтуынша ауруханада оттегі балондарын тасу, қосу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылып жатқан жоқ.

«12 сағаттық түнгі сменнен шықтым.

Мұнайлы астананың облыстық ауруханасының қалай жұмыс істейтінін айтайын ба?

Жұмыс ұйымдастыру деңгейі НӨЛ!

Неге бәлен айдан бері жеткілікті түрде ИВЛ аппараттарын алып қоймадыңдар, ковид шыққаннан бері 7 ай өтті емес пе?

Жақсы, ИВЛ жоқ екенін білесіңдер, демек оттегі балондарын пайдаланатындарың айдан анық, олай болса неге төмендегі мәселерді алдын ала шешпедіңдер:

  1. Оттегі балондарын аурухана есебінен алдын ала сатып алып, олардың күнделікті түрде ауамен толтырылып, тоқтамай келіп тұруын қамтамасыз ету. Қазір білдей облыстық аурухана қайыршы құсап кәсіпкерлердің балондарына қарап отырсыңдар, олар кислород әкелмегенде не болатын еді? Ойлау қорқынышты.
  2. Балондарды даладан ішке кіргізіп, науқастарға уақытылы жеткізіп тұратын жалақы төленетін жұмысшылар алу.

Олардың графигін 6 сағат сайын ауысып тұратын қылу. Себебі жұмыс ауыр және басқаларына қарағанда вирус жұқтыру қаупі жоғарырақ (Мысалы балон тасығанда ауа өткізбейтін киімнен теріңіз көзіңізге құйылады, оны сүртесіз)

  1. Оттегі балондарына көптеп редукторлар алып қою. Осыған дейін редукторларды біздің еріктілер өз ақшаларына алып жүрді.
  2. Әрбір бөлімге жұмыс ұйымдастырушы координаторлар тағайындау, міндетті түрде медициналық білімі болуы шарт емес. Ол адам балондардың оттегімен толтырылып әкелуін, оларды таситын жігіттердің жұмысын ұйымдастырып, бақылап және редуктор сияқты керек жарақтың үзбей жеткізіліп тұруын қамтамасыз етуі тиіс.
  3. Түн мезгілінде кезекші дәрігер таппайсыз, ал аурулар әдетте түнде қысылады. Сондықтан түнгі сменге врачтарды көбейту.

Қиын ба? Жоқ. Көп ми керек пе? Жоқ.

Ал сіздер бұлардың бірін де Істемегенсіздер!!!».

Атыраулық ерікті сонымен қоса бұндай ауыр жұмысты арнайы бақылып, дұрыс ұйымдастырмаса, еріктілердің өзі көпке шыдамайды.

«Сіздер мысалы 90 кг ауыр балондарды жоғарыға тасуды, науқасқа 32-лік гаечный кілтпен жалғауды, босаған балондарды төменге түсіруді өрімдей жас медбикелердің мойындарына іле салғансыздар. Қалай ғана дәттерің барды бұған? Мен, спортпен шұғылданатын мығым жігіт қазір шаршап талып отырмын 12 сағат балон тасудан! Мүмкін 3 медбике жабылып жүріп жоғарыға бір балон әкелді делікші, ал қалған науқастар ше? Өле ме? Ол жердегі науқастардың көбінің оттегі балонынсыз 5 минут отыра алмайтынын білмейсіз бе?

Бүгін мысалы жансақтау бөліміне әжей түсті, дәрігерлер дереу құтқару шараларын бастап кетті. Кенеттен әжей демалып жатырған орталық оттегі жүйесінде қысым азайып кетіп, әжей дем ала алмай қалды. Бір ғана амал қалды – оттегі балонына қосу. Қосайын десем балон бар, редуктор жоқ. Дереу шаруашылық бөліміне соғып редуктор жеткізуін сұрадық, ал олар қойманы кілттеп кетіп қалған(!). Әжей ауа жетпей қиналып жатыр, не істейміз? Мен бірнеше жүз метрдегі басқа ғимаратқа жанталасып жүгіріп барып, өзім бұрын көріп кеткен редукторды алып келіп жалғадым, әжей бір өлімнен қалды-ау деймін. Ал қоймада редуктор толып тұр(!).

Енді ойлап көріңіздерші қаншама адам осындай ұйымдастырудың нашарлығынан ауа жетпей өліп жатулары мүмкін. Ал бұл менің тек бір түнде көргенім!

Енді бізге, яғни еріктілерге келейік.

Біз қазір 2 жігіт күндіз, 2 жігіт түнде 12 сағаттан ауысып жүрміз (Оттегі балонын тасу, жалғау).

Елестетіп көріңіз күн сайын оттегі балонын ауа өткізбейтін киіммен демалмастан 12 сағат тасуды. Енді қалай ойлайсыз біз енді қанша күн шыдаймыз? 5 күн? 10 күн? Ал ресми ақпаратқа сенсек ковид әлі бірнеше айға созылмақ. Және мысалы жақында менің кезекті вахтам басталады, демек мүлдем ерікті болып істей алмаймын. Сонда мен оттегі апарып жүрген науқастар не болады? Тұншығып өле ме?

Қаншама үндеулер, жиналыстар, статистикалар, бәрі жақсы деген ақпараттар.... Ал іс жүзінде әжей редуктор жоқтан өліп кете жаздады!

Жоғарыда жазғандарымды қорытындылай келе айтарым, сіздер Қаңтардан бері ковидқа емес, "дәрігерлердің көңіл күйін көтеретін" салютқа дайындалғансыздар!

Және бірнеше күн ортасында болған адам ретінде астын сызып айтарым – Дәрігерлер мен Медбикелер, Санитаркалар өз жұмыстарын жанкештілікпен атқаруда, бүкіл проблема ұйымдастыруды білмейтін басшыларда!

Ең болмаса дереу менің жоғарыда жазған іс-шараларымды жасаңыздар, қаншама адам өлімнен аман қалады!

Бұл салаға енді совоктық статисттар емес, кризис менеджерлер керек».

 

Байланысты жаналықтар

«Жаңа Адамдар» су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін еріктілер орталықтарын ашады

12.04.2024

Қиын кезеңде халықты бірлікке шақырып, қолдау қажет

11.04.2024

Еріктілер Ақтөбедегі 50 үйдің 30-ын су тасқынынан құтқарып қалды

10.04.2024

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

08.04.2024

Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккендерді маңғыстаулық тұрғындар өз ауылдарына әкетіп жатыр

08.04.2024

Су тасқыны: Қостанайда мыңнан аса ерікті құтқарушыларға көмекке келді

07.04.2024
MalimBlocks
«Жаңа Адамдар» су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін еріктілер орталықтарын ашады

Бұл жерде тек киім-кешек, азық-түлік пен қажетті керек-жарақ жиналмайды.

Қиын кезеңде халықты бірлікке шақырып, қолдау қажет

Өз аудиториясын пайдаланып хайп жинауға емес, елді біріктіріп, көмек жинауға шақырып жатқан блогерлер барлық алғысқа лайық.

Еріктілер Ақтөбедегі 50 үйдің 30-ын су тасқынынан құтқарып қалды

Табиғи апат ел азаматтарын біріктірді.

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

Осы қап төсегеннің арқасында 5-ауыл су басудан аман қалды дейді тұрғындар.

Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккендерді маңғыстаулық тұрғындар өз ауылдарына әкетіп жатыр

Ерікті тұрғындар мектеп, мешіт және үйлерде оларға жататын орындары мен ас-суларын дайындап қойған.

Су тасқыны: Қостанайда мыңнан аса ерікті құтқарушыларға көмекке келді

Барлық күштер үлкен көпір арқылы болуы мүмкін тасқынды азайтудың алдын алып жатыр.