Қиын кезеңде халықты бірлікке шақырып, қолдау қажет

Өз аудиториясын пайдаланып хайп жинауға емес, елді біріктіріп, көмек жинауға шақырып жатқан блогерлер барлық алғысқа лайық.

Malim Админ

  • 11.04.2024

Еліміздің бірнеше аймағында болып жатқан көктемгі су тасқыны жергілікті ағайын-жұртты үрейлендіріп, әбігерге салуда. Барлық деңгейдегі жауапты мекеме қызметкерлері адалынан қызмет етіп жатқанын көріп отырмыз. Алайда осындай сын сағатта дүрбелең туғызып, артық ақпарат таратып жатқан азаматтар да табылып жатыр.

«Жастар Рухы» жастар қанатының Түлкібас аудандық филиалының төрағасы Ислам Жолбасханов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қиын кезеңде халықты бірлікке шақырып, жігер беріп, қолдау көрсету қажет. Жалған ақпарат пен қаралаумен аяталатын пікірлер өз ісін жанымен сүйіп атқарып жүрген азаматтардың жұмысына кедергі жасайтыны анық.

Өз аудиториясын пайдаланып хайп жинауға емес, елді біріктіріп, көмек жинауға шақырып жатқан блогерлер барлық алғысқа лайық. Кәсіпкерлер мен беделді азаматтарды, жақсылыққа жаны құмар жандарды бір жерге шоғырландырып, зардап шеккен бауырларға жәрдем жеткізу нағыз патриот азаматтың ісі.

Дәл осы сәтте блогерлердің рөлі орасан зор. Жағдайды тұрақтандыруға бағытталған штабтарға жәрдемші болып, халыққа қажетті ресми ақпараттарды таратып отырса құба-құб болар еді, - дейді ол.

Жолбасханов еріктілердің жұмысы әдеттегідей өте жоғары деңгейде екенін айтты.

Барлық сын сағатта әрекеттері кәсіби үйлестірілген. Ешқандай кемшілік жоқ. Жыл сайын еріктілердің саны артып келеді. Онымен айналысу абыройлы міндетке айналды. Олардың еңбегін дәріптеу әр азаматтың елдің алдындағы азаматтық борышы жайлы ой салатынына сенімдімін.

Дәл осы жағдайға дайын болдық, бірақ мұндай маштабты ешкім күткен жоқ. Соған қарамастан қазақстандықтар халқымызға тән ауызбіршілікті сезініп, ауыртпалықты жұмыла көтеріп, барынша жәрдем беріп жатыр.

Әлеуметтік желілерде көптеген жылы видеолар тарап жатыр. Солардың бірі астында тіркелген оқиға. Қараңыздаршы қиын кезеңде зардап шеккендер мен жағдайды тұрақтандырып жатқан азаматтарға көмек көрсету азаматтық міндетіміз деп білетін жандарың әрекеті қуандырады. Сын сағатта бірлікте болсақ, барлық қиындықтан ел болып сүрінбей өтетінімзге сенімдімін, - деді ол.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды