freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Орталық Азия көшбасшылары Ыстықкөлдегі UIM F1H2O әлем чемпионатын ашты

Саясат
Орталық Азия көшбасшылары Ыстықкөлдегі UIM F1H2O әлем чемпионатын ашты
Фото: Ақорда

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің басшылары чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттеріне судағы жарыстарға арналған болид таныстырылды.

Бұдан соң Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары бір мезгілде символикалық тетікті басып, су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының «Қырғызстан Республикасы – Ыстықкөл 2026 гран-при» кезеңін ресми түрде ашты.

Жарыстарға БАӘ, Аустралия, Канада және басқа елдердің намысын қорғайтын 8 команда мен 18 спортшы қатысуда.

Қырғызстанда алғаш рет өткізіліп жатқан сайыс республика тарихындағы ең ірі халықаралық спорттық-мәдени іс-шара саналады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу