freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада туған күнді атап өткен екі тұрғын 5 тәулікке қамалды

Қоғам
Астанада туған күнді атап өткен екі тұрғын 5 тәулікке қамалды
Фото: ІІМ

Астанада түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзып, пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдаланған екі тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиғалардың бірі қаладағы оқу орындарының бірінің маңында болған. 23 жастағы астаналық құрбысын туған күнімен құттықтау үшін отшашу атқан. Алайда бұл жақын маңдағы тұрғындардың тыныштығын бұзған.

Полиция ер адамға ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, сондай-ақ елді мекенде және арнайы белгіленбеген орында пиротехникалық бұйымдарды қолдану фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

Сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Осыған ұқсас тағы бір жағдай елордада тіркелді. 22 жастағы жігіт досын туған күнімен құттықтау мақсатында отшашу атқан. Алайда ол да қоғамдық тәртіп талаптарын бұзған.

Сот оның да 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынуына шешім шығарды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу