Испания премьер-министрі Педро Санчес Сеутадағы заңсыз мигранттардың жаппай басып кіруінен кейін Еуроодақ деңгейінде шұғыл министрлер кеңесін өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Ол кейбір ЕО елдерінің Испанияны уақытша Шенген аймағынан шығару туралы ұсыныстарын «өзімшіл, қоғамды жікке бөлетін және заңсыз» деп бағалады. Санчестің айтуынша, мұндай ұстанымдар «теріс пікірлерге, жалған ақпаратқа, мәселені толық түсінбеуге немесе саяси мүдделерге» негізделген.
Испания үкіметінің басшысы Урсула фон дер Ляйен мен Антониу Кошта атына хат жолдап, ЕО елдерінің министрлері қатысатын бейнеконференция форматындағы арнайы отырыс өткізуді сұрады.
Сонымен қатар, миграциялық қысымның күшеюіне байланысты Италия Испаниямен арадағы Шенген келісімінің қолданылуын уақытша тоқтатты.
1 тамыздағы мәлімет бойынша, Сеутадан шамамен 70 мың мигрант кері қайтарылып, билік миграциялық дағдарыстың негізгі кезеңі еңсерілгенін мәлімдеді.