freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында өзенге секірген 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Оқиға
Ақмола облысында өзенге секірген 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды
Фото: pixabay

Ақмола облысында Есіл өзеніне секіріп, қаза тапқан 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғыны биік жардан өзенге секірген. Алдын ала болжам бойынша, ол суға түскен кезде басын су астындағы тасқа соғып, есінен танып қалған. Кейін денесін өзен ағысы алып кеткен.

Іздестіру жұмыстары оқиға болған күні басталған. Алайда өзеннің қатты ағысы сүңгуірлердің жұмысына кедергі келтірген.

Марқұмның денесі бүгін суға кеткен жерден шамамен 200–250 метр төмен жерден табылып, жағаға шығарылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу