freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

2 тамызда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қоғам
2 тамызда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі
Фото: magnific.com

«Қазгидромет» 2026 жылғы 2 тамызға арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 15 облысында қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтіледі.

Елдің бірқатар өңірінде ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін көтеріледі. Әсіресе Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында аптап ыстық сақталады. Алматы мен Алматы облысында да ауа температурасы +38…+39 градусқа дейін жетеді.

Сонымен қатар Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Желдің екпіні кей өңірлерде 20–25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Түркістан және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл күтіледі. Ал шығыс және оңтүстік өңірлердің басым бөлігінде, сондай-ақ Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Шымкент қаласы мен басқа да бірқатар аймақта төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға, аптап уақытта күн астында ұзақ жүрмеуге, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң ұстануға және дауылды ауа райы кезінде алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу