freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Қостанай облысының 90 жылдығымен құттықтады

Саясат
Тоқаев Қостанай облысының 90 жылдығымен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтау жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент құттықтауында Қостанайды ырысы мол, ынтымағы жарасқан қасиетті өңір деп атап, облыстың 90 жыл ішінде өсіп-өркендеп, еліміздің басты астықты аймақтарының біріне айналғанын айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қостанай өңірінің тарихтағы ерекше орнына тоқталып, бұл өлкеден Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин сынды ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлғалардың шыққанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, бүгінде облыс экономикасы қарқынды дамып келеді. Тұрғындардың қажырлы еңбегінің арқасында өңір тұрақты өсімге қол жеткізіп, жаңа жетістіктерге жетуде. Сонымен қатар Қостанай жұрты республикалық референдумда жаңа Конституцияны қолдап дауыс беру арқылы елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің үлгісін көрсетті.

Осы орайда, облысты көркейту үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер алдағы уақытта да Заң мен Тәртіпті ту еткен Әділетті Қазақстанды құру жолында жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Тобыл-Торғай өлкесі өркендей берсін! - деді сөз соңында Тоқаев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу