freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда есірткі таратты деген күдікпен кәмелетке толмаған қыз ұсталды

Қоғам
Алматыда есірткі таратты деген күдікпен кәмелетке толмаған қыз ұсталды
Фото: видеодан скрин

Алматының Медеу ауданында полицейлер ішінде үш кәмелетке толмаған қыз отырған таксиді тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Тексеру барысында олардың бірінің есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратумен айналысқаны анықталды.

Жеке тінту кезінде күдіктіден түрлі түсті оқшаулағыш таспамен оралған бірнеше түйіншек тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың ішінде өсімдік тектес заттар мен синтетикалық есірткі болған.

Күдікті түсініктемесінде есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратқанын мойындаған. Ал қалған екі қыздың бұл іске қатысы бар-жоғы тергеу барысында анықталады.

Қазір полиция жасөспірімді қылмысқа кім тартқанын, есірткінің жеткізу арнасын және заңсыз схеманы ұйымдастырушыларды анықтап жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу