freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО-да қайта жаңғыртудан кейін тағы екі теміржол вокзалы ашылды

Қоғам
ШҚО-да қайта жаңғыртудан кейін тағы екі теміржол вокзалы ашылды
Фото: ШҚО әкімдігі

Алтай ауданында теміржол инфрақұрылымы нысандарын жаңғырту бағдарламасы аясында бірден екі теміржол вокзалын ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Оның бірі Серебрянск қаласындағы Күмістау станциясында орналасқан. Вокзал ғимараты 1954 жылы салынса, соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2013 жылы жүргізілген, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайта жаңғыртудан кейін Зубовск кентіндегі Алтай станциясының вокзалы да ашылды. 1953 жылы салынған бұл ғимаратта да соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2013 жылы жүргізілген болатын.

Ашылу рәсіміне Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, теміржол саласының ардагерлері, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, өңір тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Нысандардың тарихи келбеті сақтала отырып, инфрақұрылымы толық жаңғыртылды. Техникалық қайта жарақтандыру аясында ғимараттардың жылыту жүйесі толығымен ауыстырылды. Вокзалдарда алғаш рет автоматтандырылған ауа баптау және желдету жүйелері орнатылды. Энергия тиімділігін арттыру және жылу шығынын азайту мақсатында шатыр, терезелер мен есіктер ауыстырылды. Бұдан бөлек, вокзал кешендері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне 100 пайыз бейімделген. Мұнда талапқа сай тұтқалары бар пандустар орнатылып, тактильді плиткалар төселіп, Брайль қарпімен жазылған навигациялық элементтер мен ақпараттық белгілер қойылды.

Қайта жаңғырту сыртқы инфрақұрылымды да қамтыды. Атап айтқанда, вокзал маңындағы аумақ абаттандырылып, перрон жаңартылды.

Осылайша, Күмістау және Алтай станцияларындағы жаңғыртылған вокзалдар жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен жайлылығы бойынша заманауи талаптарға толық сәйкес келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу