freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Германиядағы торнадо жұртты дүрліктірді

Әлем
Германиядағы торнадо жұртты дүрліктірді
Фото: Ralf Nowak/AP

Германияның Солтүстік Рейн – Вестфалия жеріндегі Гронау қаласында торнадо тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

IF1 санатындағы құйынның жел жылдамдығы сағатына 150 шақырымға дейін жеткен.

Германияның метеорологиялық қызметі (DWD) алдағы демалыс күндері елдің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауатынын ескертті.

Жұма күні күн ала бұлтты болып, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде найзағай, қатты жаңбыр, ұсақ бұршақ және желдің екпіні сағатына 65 шақырымға дейін күшеюі мүмкін.

Сенбіге қараған түні жауын-шашын сақталады. Сенбі күні Германияның батысында жаңбыр мен найзағай күтілсе, шығыс өңірлерде күн ұзақ уақыт ашық болып, ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу