Италияда болған магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 26 адамға жетті, деп хабарлайды Malim.kz РИА-ға сілтеме жасап.
Соңғы мәліметке сәйкес, шамамен 300 тұрғын қауіпсіздік мақсатында үйлерін уақытша тастап шығуға мәжбүр болған.
Қазір өрт сөндірушілер мен техникалық мамандар ғимараттарды аралап, олардың зақымдану деңгейін тексеріп жатыр.