«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасады

400 адамға жуық топ Астана қаласының айналма жолы маңынан 300 қаптан астам қоқыс жинады

Malim Админ

  • 20.06.2024

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әрапта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын жалғастырады.

20 мамыр күні «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Астраханское» тас жолының маңы қоқыстан тазартылды.

Сарыарқа ауданы әкімдігінің, «AMANAT» партиясының өкілдерінен, «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері мен қоғам белсенділерінен тұратын 400 адамға жуық топ Астана қаласының айналма жолы маңынан 300 қаптан астам қоқыс жинады.

Іс-шара тек қоқыс жинаумен шектелмейді.Әр учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер және бастауыш партия ұйымдарының басшылары бекітіледі.Олар сол учаскеде тұрақты түрде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етумен қатар, қоқыс жәшіктерін орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеу сияқты абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешеді.

Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанынан қалалық экологиялық жағдайды бақылауда ұстау үшін 5 мобильді топ құрылды. Әр мобильді топ құрамында Экологиялық кеңес мүшесі, Мәслихат депутаты, Аудандық партиялық филиалдарының Төрағалары, Аудандық Атқарушы хатшылары, Партиялық Бақылау комиссиясының мүшелері, партияның белсенді мүшелері бар.

Бұған дейін мобильді топтар жүргізген мониторинг жұмыстарының қорытындысына сәйкес қала ішіндегі және қала маңындағы 20 заңсыз қоқыс орны анықталған.

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының баспасөз қызметі

Фото: партияның баспасөз қызметі 

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады