Қашықтан оқу: оқушылар жаңа оқулықпен қамтамасыз етіледі

Malim Админ

  • 14.07.2020

2020-2021 оқу жылында қазақстандық мектеп оқушылары қашықтан оқитынына қарамастан әр оқушыға қағаз оқулық жеткізізуі тиіс.

Мектеп оқулығы мәселесі бір бүгін емес, бұдан бұрын да тоқтаусыз көтеріліп, тоқтаусыз өзгертіліп келе жатқан мәселе. Оқушы мектепке бармай да оқи алады, бірақ, оқулықсыз мүмкін емес. Сол себепті, оқушыларды сапалы және сауатты оқулықпен қамтамасыз ету – осы салаға жауапты ведомствоның басты міндеттерінің бірі. Биылғы жаңа оқу жылының бұрынғылардан әлдеқайда күрделі екенін ескерсек, бұл міндет тіпті қиындай түседі.

Карантин кезінде де оқулықтардың сапасын бақылау қатаңдатыла беруі керек екенін Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін тоқталған. Ол, тіпті, сапасыз оқлық үшін жауапты адамдардың қатаң жауапкершілікке тартылуы керек екенін айтқан.

«Тағы бір маңызды мәселе – оқулықтардың сапасы. Бұл – үнемі әрі тұрақты түрде көтерілетін мәселе. Білім сапасы оқулықтардың сапасына байланысты. Бұл – Білім министрлігінің міндеті. Мен, басты міндеті деп айтар едім. Біздің оқулықтардың сапасы тым төмен. Сонымен қатар, оқулықтардың сапасы үшін оны әзірлеушілеріне қатысты жауапкершілікті күшейтуді заңнамалық тұрғыда бекітуді тапсырамын. Нашар оқулық дайындады ма, оның өмірге кәдесі жарамады ма, онда сол оқулықты әзірлеуші жауапкершілікті өз мойнына алуы керек. Одан басқа амал жоқ», - деген президент Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысында.

Демек, оқу режимі қандай түрде болса да, оқушыларды сапасы оқулықпен қамту күн тәртібінен түспеуі керек.

Коронавирус пандемиясына байланысты туындаған қиындықтардың ішіндегі ең негізгісі -  мектеп оқушыларының қашықтан оқуға мәжбүр болуы деуге болады. Интернет жұрыс істемей, білім және ғылым министрлігі аз қиындыққа ұшыраған жоқ. Десе де, 2019-2020 оқу жылының төртінші тоқсанын қашықтан оқу арқылы аяқтады. Бұл жерде – төртінші тоқсан оқу жылының қорытынды кезеңі екенін, өткен тоқсандардағы оқу бағдарламаларын қайталау тұрғысында болғандықтан, оқушыларға қашықтан білім беруде көп қиындық туындай қойған жоқ. Оқушылардың оқулығы да қолында болды. Енді, жаңа оқу жылында оқушыларды оқулықпен қамту мәселесі де негізгі шаруалардың біріне айналу керек. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте арнайы тоқталды.

Министрдің айтуынша, оқушыларды жаңа оқу жылында қашықтан оқығанына қарамастан оқулықпен қамту басты назарда болады. Қашықтан оқу деген - оқушы электронды оқулықпен оқуы керек деген сөз емес, оқушылар осыған дейін үйренген қағаз түріндегі оқулықпен қамтылуы тиіс. Қазір оқулықтарды басып шығарып та қойыпты, аймақтар мен қалалардағы мектептерге жеткізіліп те жатыр.

«Біз оқулық жеткізу және басып шығару бойынша жұмыстар жүргіздік. Қашықтан оқу форматына қарамастан оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етеміз. Бұл өте маңызды. Қашықтан оқитынына қарамастан әр оқушының қағаз түріндегі оқулығы болуы керек», - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте.

Аймақтар мен қалаларға жөнелтіліп жатқан оқулықтардың ішінде былтырғы басылған оқулықтар да бар. Оқушыларды жаңа оқулықпен қамтамасыз ету – былтырдан бері басталған. Жыл соңында біраз оқулықтар басылып шыққан да. Олар енді оқу жылы басталғанша мектептерге түседі.

Оқулық тасымалдауға волонтерлар да атсалысады. Сондай-ақ, карантиндік тәртіптер де назарда ұсталуы тиіс.

«Былтыр жыл соңында шығарылған оқулықтарды да тамыз айынан бастап өңірлерге жібереміз. Адамдар көп жиналып қалмайтындай етіп ұйымдастырамыз. Арнайы кесте қойылып, қажет жерде әріптестеріміз, волонтерлер көмектесетін болады. Эпидемиологиялық жағдайға кері әсер етпейтіндей етіп жұмыс істейміз», - дейді министр Аймағамбетов.

Байланысты жаналықтар

Онлайн оқудың азабы. Студенттер сөйлейді

15.03.2021

Студенттер офлайн оқуға қашан оралады?

02.03.2021

ЖОО студенттері екінші семестрде қалай оқиды?

12.01.2021

Оқушылар базарда жүр: Аймағамбетов жауапты ма?

23.10.2020

Еспаева не дейді, Аймағамбетов не дейді?

09.09.2020

Көпбалалы әке: Мемлекеттен көмек күтсең, аштан өлесің

02.09.2020
MalimBlocks
Онлайн оқудың азабы. Студенттер сөйлейді

Студенттер офлайн оқуға қашан оралады?

ЖОО студенттері екінші семестрде қалай оқиды?

Оқушылар базарда жүр: Аймағамбетов жауапты ма?

Еспаева не дейді, Аймағамбетов не дейді?

Көпбалалы әке: Мемлекеттен көмек күтсең, аштан өлесің