«Бұл жерге жабысып қалғаным жоқ»

  • 16.07.2020
  • Берік Жанатханұлы

Текелі қаласының әкімі Бақтияр ӨНЕРБАЕВ пара алды деген күдікке іліккен қарамағындағы шенеунікке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

«Өкінішіке қарай солай болды. Бірақ мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы жұмысты үнемі жүргіземін. Көптеген шараларды жасап жатырмыз. Пенде ғой. Періште алтынды көрсе жолдан таяды дегендей. Жап жақсы жігіт еді. Енді осы ісімен біздің барлық жұмысымызға нұқсан келтіріп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот шешімі шыққанда бәрі белгілі болады. Заңға бағынамыз. Бұл жерге жабысып қалғаным жоқ», - деп жауап берді әкім қарамағыңыздағы шенеуніктің қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетесіз бе деген сұраққа.

2020 жылдың 9 шілде күні Алматы облысына қарасты Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы пара алды деген ақпарат шыққан еді. Баходир НОРКУЛОВ 1 500 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілікті. Ол туралы МӘЛІМ КЗ толығырақ жазған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 2019 жылдың 20 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ үкімет мүшелерімен жемқорлық бойынша жиын өткізген.

 «Жыл сайын елде 2 мың жемқорлық қылмысы тіркелді. Орта есеппен мың адам жауапқа тартылады. Барлығымыз осы әлеуметтік дертпен күресуіміз керек. Егер қол астындағы жұмысшысы парамен ұсталса, мемлекеттік органдардың басшылары жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс», – деген еді мемлекет басшысы.

Бұл сөз артынша заңға айналды. «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы мәселесі бойынша ережелері 2019 жылдың 10 желтоқсанында қолданысқа енгізілген. Яғни  облыс қала әкімдері орынбасары я болмаса тікелей бағынышты мемлекеттік  қызметші пара алса, отставкаға өтініш беруі тиіс.

Фото: aikyn.kz

Байланысты жаналықтар

Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

17.02.2021

Суреткер билікке жақын болмауы керек (видео)

09.09.2020

Сәкен Майғазиев жаңа қызметке тағайындалды

23.12.2020

ЖАМБЫЛ АТАМНЫҢ АРУАҒЫ

28.02.2020

Ұлттық мүддеге сай тарихымызды жазар уақыт келді

05.01.2021

"Әлдеріңіз тек Бекболатқа келіп жатыр ма? Ұят болады, жігіттер!"

13.09.2020