Жол, мектеп, емхананы да өздері салатын ауыл

Берік Жанатханұлы

  • 29.10.2020

Алматы облысындағы Сарқан ауданының халқы өз мәселесін өздері шешіп жатыр.Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ 100 мектеп және 100 аурухана бағдарламасын атқарушы билік емес, халық жүзеге асыра бастады. Елбасының аяқсыз қалған жұмысын алыстағы ағайын ың-шыңсыз өздері бітіріп жатқандай. Әрине, Тасқұдық, Көкөзек, Еркін, Кәкімжан ҚАЗЫБАЕВ сынды жырықтағы ауылдарға бюджеттен бір тиында ол үшін бөлінген жоқ.

Биыл Сарқан жұрты үш мектеп пен бір фельшерлік пукт құрылысы басталды. Жыл соңында ел игілігіне тапсырылмақ. Былтыр аталған ауданға қарайтын Мұқан ТӨЛЕБАЕВ ауылының халқы  35 шақырымдай жолды өздері жамаса, Кәкімжан Қазыбаев ауылы халқы 50 орындық бастауыш мектепті қолға алған еді.

[caption id="attachment_8752" align="alignleft" width="1024"] Тасқұдық ауылындағы ескі мектеп[/caption]

300-дей тұрғыны бар Тасқұдық ауылындағы бастауыш мектеп осыдан жарты ғасыр бұрын салынған. Әбден ескіріп, тозығы жеткен мектепте 35 оқушы білім алады. Балаларының қауіпсіздігіне алаңдаған ата-аналар бұл мәселені  әкімдікке талай мәрте айтқан. Қазір қоғамдық қор көмегімен ауылда 50 орындық бастауыш мектептің құрылысы басталды.

«Көкейкесті мәселелердің  бірі балаларға жақсы білім беру. Ол үшін кабинеттер жарық болуы керек, компьютерлік кабинеттер болу. Ағаларымыздың қолдауымен, міне, ауылымызда мектеп салынып жатыр. Өте қуаныштымыз»,- дейді Тасқұдық бастауыш мектебінің меңгерушісі Айжан САДЫҚОВА.   

Ауданға қарасты Еркін ауылында да 50 орындық мектеп салынып жатыр. Ал, Кәкімжан Қазыбаев ауылында 2019 жылы  басталған бастауыш білім ошағы ел игілігіне берлмек. Мектептің толықтай салынып бітуіне ауыл тұрғындары жаппай атсалысқан екен.

«Біз қолымыздан келмейтін нәрселерді мамандарды шақырып жасаттық. Оған кәдімгідей көп көрім ақша кетеді екен. Енді қолымыздан келгендерін өзіміз жасап жатырмыз.  Бұйырса бәрі бітіп қалды. Жақында линолеум төсеп, паровойларын бір тексеріп алсақ мұғалімдерге мектепті  өткізіп береміз. Балаларды жаңа мектептеріне осы каникулда кіргізіп жіберсек», - дейді Кәкімжан Қазыбаев ауылының тұрғыны Тоқтарбек ТӨЛЕПБЕКОВ.

[caption id="attachment_8756" align="alignleft" width="1024"] Көкөзек ауылндағы фельшерлік пунктің құрылысы[/caption]

Көкөзек ауылында фельшерлік пунктің де құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ескі ғимараты тоқырау жылдары құлап қалған екен. Содан бері медбикелер ескі үйдің екі бөлмесінде елге ем-дом жасап келген. Оның ішінде қыс бойы дірдек тонып шығады.

«Жылу жүйесі жасалмаған, жағдай жоқ еді. Бес-алты мейірбике бір бөлмеде отыратын. Аяқтарынан суық өтіп. Ауырсақ баратын жеріміз осы жер ғой. Аудан орталығы алыс. Енді бұйырса жақсы жерге келіп емделеміз. Соған риза болып жатырмыз», - дейді Көкөзек ауылының тұрғыны Серікқали БАРЛЫҚБАЕВ.

Аудан халқы осылайша асарлатуды келесі жылы ды жалғастырмақ екен. Жалпы, биыл бұл игі істерге 80 млн теңгедей қаржы жұмсалмақ. Оның үстіне жергілікті тұрғындардан 20-дан астам адам құрылыс жұмыстарына тартылған.

[caption id="attachment_8757" align="alignleft" width="1280"] Кәкімжан Қазыбаев ауылындағы жаңа мектеп[/caption]

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

Әкім Сұлтанғазиев жұмсақ креслода отыр, ал оқушыға орындық та жоқ

09.02.2023

Жаңа облыстарда үй бағасы үш айда қалай өзгерді?

21.06.2022

Жаңа облыстардағы әкімшілік ғимараттар үшін бюджеттен 12 млрд жұмсалады

13.06.2022

Ең кедей облыс: Жетісудың арқасында Қызылорда алға шықты

09.06.2022

Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

24.11.2021

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған

13.09.2021
MalimBlocks
Әкім Сұлтанғазиев жұмсақ креслода отыр, ал оқушыға орындық та жоқ

Алматы облысындағы Жетіген ауылының мектебінде бастауыш сынып оқушылары сабақты тікесінен тік тұрып оқуға мәжбүр

Жаңа облыстарда үй бағасы үш айда қалай өзгерді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз күні Қазақстан халқына жолдауында үш облысты бөлу туралы шешім қабылдағанын айтып, жаңа облыс орталықтарын таныстырған еді. MalimMedia сол жаңалық шыққан күннен бастап жаңа орталықтардағы тұрғын үй бағасын салыстырып көрдік.

Жаңа облыстардағы әкімшілік ғимараттар үшін бюджеттен 12 млрд жұмсалады

Жаңа құрылған Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жөндеу және жалға алу үшін 12 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Ең кедей облыс: Жетісудың арқасында Қызылорда алға шықты

Экономиканы зерттеу институты Қазақстанда бөлінетін үш облыстың инвестициялары қалай өзгеріске ұшырайтынын көрсетті. Айта кетейік, Алматы облысының бөлінуі әсерінен инвестиция тарту бойынша соңғы орында қалып келген Қызылорда облысы тізімде алға жылжитын болды.

Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған