Балықшылар неге ұры боп жүр?

Берік Жанатханұлы

  • 30.10.2020

Алматы облысы, Алакөл ауданына қарасты Қамысқала ауылының балықшылары балық аулаға берілетін лимиттің аздығына көңілдері толмайды. Бар болғаны мың тонна. Су жағалап, азығын  тауып жүргендер  үшін бұл түкте емес – дейді олар. Өйткені, бас-басына шаққанда 1 жарым тонна ғана айналады. Балықшылар үкімет лимитті көбейтсе дейді. Өйткені амалдың жоқтығынан браконьер атанады.

«Жылына бізге бір жарым тонна балық аулауға болады. Балықшы оған күнін көре ала ма? Көре алмайды! Ұрлайды енді. Ал, ұрлық деген не? Ұрлықтың арты - коррупция. Ғылыми зерттеу институтының былтырғы жылғы есебін  көрдім. Сол жерде былай деп жазылыпты: "Алакөлде 1 мың тонна окунь бар" деп. Недеген масқара? Алакөлде – 1 мың тонна емес, 200-250 мың тонна окунь бар. Біз де зерттеп жүрміз. Біз де білеміз қай жақта, қай уақытта, қанша балық жүргенін»,- дейді Алакөл ауылының тұрғыны Жайыл  АБДРАХМАНОВ.

Алакөл ауданындағы Қамысқала ауылындағы балықшылардын күн көрісі балық аулау. Бұнда мал ұстау мүмкін емес. Жайылым жоқ, маңайы айнала көл. Лимиттің аздығынан ба, көбісі ауылдан көшіп жатқан көрінеді.

«Біздің лимитіміз бітіп қалғаннан кейін, біз енді, күнкөріс балық боп тұрғаннан кейін, әлгі ұрлық жасаған секілді боламыз. Енді, сол мына балықшылардың өтініштерін кішкене қарастырып, бір жағына шығып, Үкімет болыспаса, ауыл құриды. Тегі ауыл көшіп кетеді деуге болады. Мына жерде бізге басқа кәсіп жоқ», - дейді балықшы Бақытбек  ӘМІРЕНОВ.

«Мал ұстамаймыз. Мал ұстайық десек, жер аз. Жайылатын жер жоқ. Құры балыққа қарап отырмыз. Қазір 800 кісі, бұрын 1500-2000 кісі тұратын. Төрт мың тоннаға дейін шейін балық ұстайтын совет үкіметінде. Бұрын солай болатын. Қазір лимит аз береді. Былтыр ма, алдыңғы жылы 300-ақ тонна, сондай беріпті. Былтыр 7-ақ жүз тонна беріп отыр», - дейді балықшы Нұржан ӘРІНОВ.   

Балықтың азайып кетуі де, жаппай  көбейіп кетуі де қасірет. Сондықтан, су тіршілігін бақылауда ұстап отыруымыз қажет дейді балықшылар. Мәселен, алабұға мен көксеркенің көптігі сазанның өсуіне кері әсер етеді екен. Шабақтарын өспей жатып жеп қояды. Сондықтан, біршама азайту үшін лимитті көбейту керек екенін алға тартып отыр. Ал, бұл мәселеге қатысты салаға жауаптылардың да айтар өз уәжі бар.

«Биылғы Алакөл көлдер жүйесінің лимиті 1075 тонна. Былтырғымен салыстырған кезде 300 тоннаға көбейген. Егерде біз қазір Алакөл көлдер жүйесінің лимитін бірден 3-4 мың тоннаға дейін ұлғайтсақ, ол әрине, балық қорларына кері әсер етуі мүмкін», - дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақты инспециясы басшысының міндетін атқарушы Аян  ҚАЙРАТҰЛЫ.  

 

 

 

 

 

 

 

Фотолар автордікі

Байланысты жаналықтар

«Қызыл кітапқа» енген жануарларды аулаған браконьерлер ұсталды

24.10.2024

Бурабай ұлттық паркінде елордалық броконьерлер ұсталды

22.09.2024

Ақбөкендерді атумен айналысқан қарағандылық браконьерлер ұсталды

05.08.2024

Түрмеден шыққан Қайрат Нұртас Алакөлде демалып жүргенін көрсетті

26.07.2024

Алакөлде туристерді жел ұшырып әкетті

02.07.2024

Браконьерлерден 10 тонна балық тәркіленді

01.06.2024
MalimBlocks
«Қызыл кітапқа» енген жануарларды аулаған браконьерлер ұсталды

Бурабай ұлттық паркінде елордалық броконьерлер ұсталды

Олардың көлігінен 122 келі тұқы табылған

Ақбөкендерді атумен айналысқан қарағандылық браконьерлер ұсталды

Олардан 328 мүйіз тәркіленген

Түрмеден шыққан Қайрат Нұртас Алакөлде демалып жүргенін көрсетті

Әнші демалысқа ата-анасымен бірге барған

Алакөлде туристерді жел ұшырып әкетті

Туристер Алакөл көлінің жағалауынан алыс жүзіп кеткен

Браконьерлерден 10 тонна балық тәркіленді

Оның 2 тоннасы бекіре