457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алакөлде демалып жүрген кісіні қайық қағып өлтірді

Алакөл көлінде қайғылы жағдай болды. Жағажайда демалып жүрген 63 жастағы зейнеткерді су көлігі қағып өлтірді. Оқиғаға қатысты Туризм және спорт министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, марқұмның аты-жөні Галина Ивановна Сизикова екені белгілі болды.

Министрлік оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты әрі әділ тергеліп, кінәлілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылатынына сенім білдіріп отыр.

Туристік маусым басталар алдында ведомство жағалау мен су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелеріне жергілікті атқарушы органдар мен құзырлы мемлекеттік құрылымдардың назарын аударғанын мәлімдеді.

Министрлік атап өткендей, су көлігін реттеу, оның ішінде лицензиялау, басқаруға рұқсат беру, техникалық байқау және шағын кемелерді тіркеу Туризм және спорт министрлігінің құзыретіне жатпайды.

Осыған байланысты министрлік Көлік министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға ресми хат жолдап, су айдындарындағы демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық қажетті шараны қабылдауға қатаң ұсыныс білдірді.

Министрлік туристердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында кешенді шараларды жетілдіруді, сондай-ақ ақпараттандыру, алдын алу және бақылау мәселелерін қамтитын ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді жалғастыратынын атап өтті.

«Катер жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде. Оқиға орнында уәкілетті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу жалғасуда. Оның нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес іс жүргізу шешімі қабылданады», – деп қосты полиция департаменті.

Фото: pixabay