Алакөлде адамды қайықпен қағып өлтірген күдікті қамауға алынды

Қайғылы оқиға Абай облысында болды. Марқұм Алакөлге демалуға келген екен. 60 жастағы әйелді суға шомылып жүрген сәтінде моторлы қайық қағып кеткен, деп хабарлайды Malim.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Су көлігінің астында қалған зейнеткер ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Полиция көлде жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Алакөлде, жағадан шамамен 100 метр қашықта, катер су бетінде демалып жатқан әйелді қағып кеткен. Қайық жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға орнын уәкілетті органдар тексеріп жатыр", - дейді Абай облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Ержан Телжанов.
Фото: видеодан кадр

Ең көп оқылған
